Вернуться к списку статей

Талғат Байсуфинов – Менің ұлттық құрамадағы тағдырымды басшылық шешеді

Футбол
2K
Талғат Байсуфинов – Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері
Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты ұлттық құрамамыздың бас бапкері Талғат Байсуфиновтің Қаратау құрамасымен болған ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатының сұхбатын жариялады. Естеріңізге сала кетейік, жерлестеріміз 0:5 есебімен ойсырай жеңілген болатын.

– Бірінші таймнан кейін бізге орта және алғы шептегі ойыншыларға жылдам пастың жетпей жатқанын байқадық. Мұны жігіттерге түсіндірдік, – деп бастады Талғат Маруанұлы. – Айып соққысынан кейін гол жіберіп алғанымызбен жағдайды түзеуге болады деп ойладық. Бірақ екінші таймда не болғанын әзірге айтып түсіндіре алмаймын. Ойынды бейнетаспадан қараймыз, дұрыстап сараптаймыз. Дұрыс шешім қабылдау үшін әр сәтті талдап, бір қорытындыға келерміз. Бізге тың күш жетіспеді. Мұның бәрі анық көрініп тұрды.

– Бәлкім, сәтсіз ойынға алаңның сапасы кесірін тигізген шығар?

– Қаратау құрамасы өз алаңында ойнады. Әлбетте, бұл жағдай олар үшін үлкен көмек болғаны анық. Біз де өз алаңымызда сәтті ойнаймыз. Дегенмен, бұл алаңда екі команда өнер көрсетті. Сондықтан, бәрін алаң сапасына жауып қоя салуға болмайды. Алаң жақсы, доп жылдам қимылдап, тез «жүгірді». Мәселе алаңда емес. Командамыздың ойынының сапасымен жұмысысымызды жүргіземіз. Келесі кездесуге дайын болу үшін барлығын жасаймыз.

– Нағыз жанкүйерлер сізге сенеді, әрі жігіттерді келесі кездесуге барынша дайын қылады деп үміттенеді. Еңсеңізді түсірмей, бастаған шаруаңызды соңына дейін жалғастырасыз деп біз де үміттенеміз...

– Ізгі тілектеріңізге көп рахмет! Бірақ менің қанша жұмыс жасау қажет екендігімді шешетін басшылық бар. Біз жігіттерді әр ойынға қайрап шығарамыз. Олар да алаңға тек жеңіс үшін шығады. Өкінішке қарай, бүгін біз сәтті ойын көрсете алмадық. Бар кінәні өз мойныма аламын. Екі күннен кейін өз алаңымызда Румыния құрамасымен қабылдаймыз. Сол ойында жеңіске жетуге бар күшімізді саламыз. 

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика