Вернуться к списку статей

Эйди Бутройд – Алаңға тек жеңіс үшін шығамыз

Футбол
2K
Англия U-21 құрамасын баптайтын - Эйди Бутройд. Фото: kff.kz
Бүгін Ақтөбеде Қазақстан және Англия жастары арасында 2017 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу додасының ресми матчы өтеді. Осыған орай, Англия жастарын баптайтын Эйди Бутройд те матч қарсаңында өз пікірін білдірді.

Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтының мәлімдеуінше, Англияның жастар арасындағы құрамасының бас бапкері Эйди Бутройд матч қарсаңындағы баспасөз жиынына өзімен бірге Рубен Лофтус-Чик және Джеймс Уорд-Проуз  (суретте) сынды жас таланттарын ерте келіпті.

Ең алдымен, бізді өте жылы қабылдағандарыңыз үшін рахмет айтамын. Жергілікті халық та қошамет көрсетіп жатыр. Оларға да алғыс білдіреміз. Қазақстан жастарымен өтетін матч өте қиын болады. Бұлай деуімнің бірнеше себебі бар.

Англияда өткен бірінші матчта да оңай болған жоқ (алаң иелері 3:0 есебімен ұтқан – авт.). Екіншіден, біз сырт алаңда ойнаймыз. Яғни стадионға жиналған жанкүйерлер Қазақстан құрамасын қызу қолдап, демеп-жебеп отырады. Әйтсе де, біз осындай жағдайларда да ойнауға дайынбыз.

Стадионды қарап шықтық, алаңның жасыл желегі бізге ұнады. Көргендеріміздің бәріне де көңіліміз толады, енді ойынның да ұйымдастыру деңгейі жоғары болады деп сенеміз. 

Осында жол жүрерде Қазақстан құрамасының бірнеше ойынын қарап шықтық. Біз сіздердің жастарыңыздың өте жақсы дайындалған команда екенін білеміз. Қандай команда болмасын, алаңға тек жеңіс үшін шығады, – деп өз сөзін түйіндеді қонақтардың жаттықтырушысы.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан және Англия жастары бүгін, яғни 6 қазан күні 2017 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирін аясында Ақтөбеде кездеседі. Матч жергілікті уақытпен сағат 20:00-де басталады.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика