Вернуться к списку статей

Ұлан Қонысбаев Италияда доп теуіп жүр (видео)

Футбол
2K
Ұлан Қонысбаев Италияда доп теуіп жүр
Бұл күндері Ұлан Қонысбаев Италия астанасы Римде жүр

Маусымның 6-сы күні Далян қаласында өткен Қытай – Қазақстан ұлттық құрамалары арасындағы жолдастық кездесуде өте ауыр жарақат алған Ұлан Қонысбаев алдағы екі-үш айда алаңға қайта оралуы әбден мүмкін.

Қазір футболшының жағдайы жақсарған. Италия астанасы Римде жеке бағдарлама бойынша жаттығып жүр. Бұл бейнероликті "Атырау" футбол клубының "вконтакте" әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы жариялады. 


Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика