Вернуться к списку статей

Әлем біріншілігінде екі чемпион да ұтылды – ендігі жеңімпаз қай құрама болады

Футбол
2K
Ширек финал. Португалия – Әзірбайжан – 3:2. Фото: fifa.com
Футзалдан Колумбияда өтіп жатқан ХІІІ әлем чемпионатында Бразилия да, Испанияда плей-оффта ұтылып қалып, бүкіләлемдік додадан тыс қалды.

Әлемнің бес дүркін чемпионы, яғни Бразилия құрамасы 1/8-финалында Иран футзалшыларынан ұтылып қалып, бүкіләлемдік доданы тым ерте аяқтаған болатын.

Ал екі мәрте әлем чемпионы атанған Испания құрамасы ширек финалда Ресей футзалшыларынан ұтылып қалды. Сірә, 1/8-финалында Қазақстан құрамасымен өткен шиеленісті матчта шаршап-шалдығып қалған болар...

Қалай десек те, ширек финалдағы маңызды матчқа негізгі құрамдағы үздік ойыншыларының үшеуі шыға алмады. Біреуі Қазақстан құрамасымен өткен кездесуде қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған болатын. Ресеймен өткен ойында қорғаушылары асып-сасып, қақпашысы қателесіп, бес гол жіберіп алды. Жалпы, бұл ойында Испания құрамасы 2:6 есебімен ұтылып қалды.

Колумбиядағы “Парсы ертегісі” одан әрі жалғасуда. Ширек финалда Иран құрамасы Парагвай футзалшыларын 4:3 есебімен тізе бүктірді. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталып, екінші экстра-таймның соңғы секундтарында Азияның 11 дүркін чемпионы жеңісті жұлып алды.

Бүгін таңда ширек финалдық ойындардың қалған екеуі өтіп, оның бірінде «E» тобында Қазақстан құрамасының алдын орап кеткен Аргентина футзалшылары «Мысыр хикаясына» нүкте қойды. Есеп – 5:0.

Ал Португалия – Әзірбайжан құрамалары арасындағы тартысты матчта 2000 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған Пиреней түбегі өкілдері жеңіске жетті. Есеп – 3:2.

Сонымен бұған дейінгі әлем чемпионаттарында топ жарып келген Бразилия да, Испания да бүкіләлемдік біріншіліктен тыс қалды. Енді Колумбиядағы сегізінші дүниежүзілік додада қай құрама бірінші орынды жеңіп алса да, жаңа чемпионы шығады.

Ширек финал

Испания – Ресей – 2:6

Иран – Парагвай – 4:3 (экстра таймда)

Аргентина – Египет – 5:0

Португалия – Әзірбайжан – 3:2

Ширек финал

Ресей – Иран – 27 қыркүйек

Аргентина – Португалия – 28 қыркүйек

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика