Вернуться к списку статей

Қызылорда әкімі "Қайсардың" ойындарынан қалмайды

Футбол
2K
Қайсар - Қызыл-Жар 2:0
Бірінші лиганың жеңімпазы атану үшін Қызылорданың «Қайсарына» алдағы бес турда бес-ақ ұпай жинаса жеткілікті. Өз алаңында Петропавлдың «Қызыл-Жарын» 2:0 есебімен тізе бүктірген Сыр командасы басты бәсекелесінен 11 ұпайға озып кеткені өз алдына, қызылордалықтарға Қала күніне тамаша сыйлық жасады.

"Қайсардың" қала күніне тартуы

«Қайсар» Премьер-лигаға бесінші жылдамдықпен жүйіткіп келеді. Бұл жолы өз алаңында Петропавлдың «Қызыл-Жарын» қабылдап, басты қуғыншысын 2:0 есебімен тізе бүктірді. Бірінші таймның соңы мен екінші таймның басы қонақтар үшін тым сәтсіз болып, тек мықтыларға ғана гол соғатын словениялық жартылай қорғаушы Матиц Марушко дубль авторы атанды.

Жалпы, "Қайсардың" мықты арқасүйері бар екенін де айта кеткен жөн. Команданың өз алаңындағы әр ойынын стадион трибунасынан облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың өзі тамашалайды. Тіпті, матчтан кейін команданың киім ауыстыру бөлмесіне кіріп, футболшыларды қолдап та жүреді. Бұл жолы да сөйтті. Аудан әкімдерімен бірге футболшыларды құттықтаған Қырымбек Елеуұлы "Қайсарға" қашан да қолдау көрсетуге дайын екендігін айтты. 


Семейдің «Алтайы» өз халін өздері нашарлатып алды. Өз алаңында Жетісайдың «Мақтааралын» қабылдап, 2:3 есебімен ұтылып қалды. Бірінші тайм тең аяқталған. Матчтың 12-минутында қонақтар сапынан Гейсар Алекперзаде есеп ашса, араға сегіз минут салып Пламен Димов таразы басын теңестіре алды. Бірақ үзілістен кейін шымкенттіктердің қарқынына шыдас беру мүмкін болмады. Еркебұлан Нұрғалиевтің соңғы минутта соққан голы да көңілге медеу бола алмады. Қорытынды есеп – 2:3, «Мақтаарал» Семейден үш ұпай алып кетті.

Тағы екі ойын сүрінсе, «Алтайды» Ақтаудың «Каспиі» де қуып жетуі мүмкін. Бұл жолы батыс қазақстандық команда өз алаңында «Екібастұзды» тізе бүктірді. Таблодағы көрсеткішке назар аудармай-ақ қойыңыздар. 1:0 есебі алаңда болған жайттан толық хабар бермейді. Егер алаң иелері өздерінде болған барлық мүмкіндіктерді голға айналдыра алғанда, онда қонақтар Ақтаудан бес-алты доп арқалап қайтулары да мүмкін еді.

«Қыран» – әлсіздердің үздігі

Өз өздерімен қырқысып, әйтеуір Бірінші лига командаларының санын көбейтіп жүрген екінші төрттік маусымды келесі аптада аяқтайды. Әлбетте, Шымкенттің «Қыранына» ешкім енді жете алмайды. Олар біріншілікті 7-орында аяқтайды. Сондай-ақ, «Шахтер-Болат» та 8-орынға мықтап тұрақтаған. Ал «Бәйтерек» пен «Байқоңырдың» қайсысы маусымды соңғы орында аяқтайтыны соңғы турда белгілі болады. Бұл жолы астаналықтар өз алаңында «Қыраннан» 0:2 есебімен жеңілсе, «Байқоңыр» түзде теміртаулықтардан жеңісті жұлып алып, қызылордалықтарды Қала күнімен құттықтады.


23-тур (24 қыркүйек)

1-6 орын

«Қайсар» (Қызылорда) – «Қызыл-Жар» (Петропавл) 2:0 (1:0)

Голдар: Марушко 42, Марушко 47

Ескертулер: Гунченко 78

«Қайсар»: Исламқұлов, Ілиясов (Кейлер 82), Қалмұратов, Керімжанов, Нәрзілдаев (Молтусинов70), Марочкин, Сахалбаев (к) (Павинич 56), Граф, Марушко, Күнов, Хромцов (Кейлер 87)

Резерв: Рушинас, Жақаев, Кеңесбек, Вяткин, Алтаев

«Қызыл-Жар»: Зәкіров, Гунченко, Соколенко (Бурцев 72), Аитов, Алиев (к), Байжанов (Гридин 59), Мульдинов, Ступич (Перцух 68), Струков (Сапарғалиев 62), Седельников, Видич

Резерв: Калмыков, Голубничий, Попадинец

Төрешілер: Абдуллаев (Қаратау), Васютин, Шабанов (екеуі де – Алматы)

Қызылорда. Ғ.Мұратбаев стадионы. 2 500 көрермен.

«Алтай» (ШҚО) – «Мақтаарал» (ОҚО) 2:3 (1:1)

Голдар: Алекперзаде 12 (0:1), Димов 20 (1:1), Мәжитов 63 (1:2), Задорожный 68-пен. (1:3), Нұрғалиев 90+3 (2:3)

Ескертулер: Коструб 42, Димов 50, Жағыппар 81, Шафф 90+3 — Ыбыраев 22, Шубаев 51, Рыбалко 90+3

Қызыл қағаз: Д.Шмидт 68

«Алтай»: Колбунцов, Жағыппар, Умашев (Е.Шмидт 78), Коструб (Мұқанов 57, Сәкенов 71), Карпович (к), Д.Шмидт, Шафф, Шакин (Таңібергенов 63), Нұрғалиев, Димов, Колодин

Резерв: Котляр, Халелов, Щеткин

«Мақтаарал»: Кувшинов, Балтабаев, Рыбалко, Мәжитов (Ілімов 82), Аллашүкіров, Задорожный (Мыңбаев 90+2), Ыбыраев (к), Покатилов, Шубаев (Иманов 88), Зверев, Алекперзаде (Махамбетов 90+3)

Резерв: Қамытбеков, Бақтияров, Орынбеков

Төрешілер: Быстров (Сараң), Белоградов (Павлодар), Конивец (Сараң)

Семей. «Спартак» стадионы. 2 000 көрермен.

«Каспий» (Ақтау) – «Екібастұз» 1:0 (1:0)

Гол: Сердюков, 35.

Ескертулер: Қадырбаев 50, Жақыпов 80 — Жұмкенов 32, Сүлейменов 58
«Каспий»: Аязбаев (к), Елтаев, Таңжарықов (Жанысбаев 81), Қабылан, Пасеченко, Коне, Шевченко, Қадырбаев, Яковлев, Сердюков (Жақыпов 77), Мусса (Нәбиханов 75)

Резерв: Овчинников, Алқамбеков, Озғанов, Сарғылов, Утробин, Қайраллиев
«Екібастұз»: Айдарғалиев, Зейноллин, Червов, Чифин, Сүлейменов, Оразалиев, Бралин (к), Жұмкенов, Головешкин (Әнуарбеков 64), Мырзабаев (Саденко 46), Джамаришвили

Резерв: Нарымбаев, Омаров, Қуанышев

Төрешілер: Жасыбай (Алматы), Завгородний (Петропавл), Ысқақов (Орал)

Ақтау. «Жас Қанат» стадионы. 1 500 көрермен.

7-10 орын

«Бәйтерек» (Астана) – «Қыран» (Шымкент) 0:2 (0:0)

Голдар: Жәнібеков 63, Жәнібеков 87

Ескертулер: Оралбай 41, Хуснадинов 72 – Нохрин 4, Жақсыбек 72

«Бәйтерек»: Дулатов, Батырбеков, Гладченко (к) (Әбдразақов 90+1), Құлекенов (Еркен 86), Мірсәлімбаев, Мұқанов (Сайфулин 66), Оралбай (Садыров 77), Сіләмбеков, Тыныбек, Хуснадитов, Чулагов

Резерв: Черных, Әбдеш, Әубакіров, Мұхаметжанов, Мұханбет

«Қыран»: Қаленов, Жақсыбайұлы, Жақсыбек (Бөрібай 76), Жәнібеков, Аметов (к) (Увалиев 85), Төреханов, Ермырзаев, Нохрин, Э.Набиев (Е.Набиев 74), Азаматов, Сүлейменов (Шәмші 89)

Резерв: Тоқтарбай, Жолдасов, Ахымбеков

Төрешілер: Затула (Өскемен), Рылов (Сараң), Серікболов (Семей)

Астана. «Тарлан Арена» стадионы. 50 көрермен.

«Шахтер-Болат» (Теміртау) – «Байқоңыр» (Қызылорда) 1:2 (1:0)

Голдар: Жүсіпов 40 (1:0), Балымбетов 59 (1:1), Рүстемов 90+3 (1:2)

Ескертулер: Федоров 24, Щербаков 30, Жолшорин 58 — Қарабек 14, Дүйсембаев 24, Дастанов 89

«Шахтер-Болат»: Ақбұлан, Щербаков (Алексеев 80), Жақыпов, Васильев, Жолшорин, Тарасов, Федоров, Наурызбаев, Бернацкий (к), Жүсіпов, Ахмеев (Буртовой 66)
Резерв: Матаев, Лунев, Базарнов, Наркескен, Рақышев

«Байқоңыр»: Тілеуов, Кемалұлы, Рүстемов, Тілеуқабылов (Ыбыраев 82), Рахметов, Балымбетов, Аяжан (Дүйсенбаев 90), Дастанов, Дүйсембаев (Жұмабаев 87), Қарабек (к) (Жолдасов 82), Төлегенов

Резерв: Таңатқанов, Ысқақов

Төрешілер: Московченко (Павлодар), Советханұлы (Семей), Ходотчук (Павлодар)

Теміртау. «Металлург» стадионы. 200 көрермен.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика