Сондай-ақ, ұлттық құрамамыздың әлем чемпионатына бару мүмкіндігі жоғары екендігін де атап өткен.
Қазақстан футболының инфрақұрылымы
– Әлбетте, Англиямен Қазақстанды ғана емес, басқа елдерді де салыстыруға келмейді. Ол жақта футбол дәрежесі мүлдем биік. Тек Германия ғана кішкене жетеқабыл шығар. Қазақстан футболын Ресейдікімен салыстыруға болады. Дегенмен, Ресейде инфрақұрылым кішкене жақсырақ. Оның үстіне, әлем чемпионатына қарсы жаңа стадиондар салынып жатыр. Қазақстанда барлық жерде футбол алаңдары бірдей. Бұрынғы посткеңестік дәуірден қалып қойған стадиондар. Рас, кейбір жерде сәл жақсы алаңдар бар, кейбір жерлерде нашарлау. Бірақ, «Қайраттың» инфрақұрылымы айтарлықтай жақсы.
Қазақстан ұлттық құрамасы жайында
– Біз жергілікті футболшылармен талқылап, 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу додасында Қазақстанға қиын емес топтың түскені туралы пікірге келгенбіз (Румыния, Дания, Польша, Черногория және Армения). Мұнда нақты фаворит боларлықтай құрама жоқ. Сондықтан, Қазақстан өз алаңында кез-келген қарсыласпен терезесі тең дәрежеде ойнай алады. Егер өз жеріндегі ойындарын сәтті өткізсе, онда жақсы нәтижеге де қол жеткізе алады. Кім біледі, бәлкім Қазақстан ұлттық құрамасын да Ресейде өтетін әлем чемпионатынан көріп қалармыз.
Қазақстан клубтары туралы
– Егер клубтар жайында айтар болсақ, «Астана» мен «Қайраттың» деңгейі Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығу атырабында.
Ресей құрамасына қайта шақырту алу мүмкіндігі жөнінде
– Әзірге ешқандай жоспарым жоқ – уақыт көрсетеді. Ұлттық құрама жайлы айту қиын. Қанша дегенмен ол жақта ойнамағаныма көп болды. Шақырту болып жатса, сөйлесерміз. Шынын айтсақ, менің жасымда футболдағы әр күнің жайлы ойлауың керек. Алысқа жоспар жасау қиын.