Вернуться к списку статей

"Алтайға" тоғыз ұпайын қайтарар болса, "Қайсарды" қуып жетеді

Футбол
1K
Каспий - Алтай 1:1
Премьер-лига клубтары демалғанымен Бірінші лигада үзіліс жоқ. Кеше ХХ тур ойындары өткенімен турнир кестесіне өзгеріс енбеді.

Бірінші кезеңнен кейін клубтарды екіге бөліп тастағаннан кейін Бірінші лига бұрынғысынан да қызықсыз, тартымсыз болып қалғандай. Әсіресе, бұл 7-10 орындар арасындағы командалардың ойындарында қатты сезіледі. Шыны керек, Екінші лиганың ойындары секілді. Аутсайдерлердің бір-бірімен ойнай бергенінен футболшылардың да шеберлігі өспейді, стадионда да көрермендер көбеймейтінін неге түсінбейміз?

Дәл қазір көш басында «Қайсар» келеді. Кеше қызылордалықтар Жетісайға қонаққа барып, еш қиындықсыз «Мақтаралдың» қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Матчты бірден қарқынды бастаған Сұлтан Әбілдаев шәкірттері жиырмасыншы минутта-ақ 2:0 есебімен жеңіп жатты. Ал тағы бір голды төреші қосқан қосымша уақыттың соңғысында пенальти арқылы соқты. Бір қызығы, үш голдың да авторы – легионерлер.

Екінші орында әзірге «Қызыл-Жар». Екібастұз қаласына қонаққа барған Владимир Фомичев шәкірттері әупірімдеп жатып, үш ұпайға қол жеткізді. Алайда, «Алтайға» 9 ұпайын қайтарып беруі мүмкін деген сыбыс өршіген сайын петропавлдықтардың мазасы кетті. Қазір «Қызыл-Жар» мен «Алтайдың» арасын үш-ақ ұпай бөліп тұр. Егер 9 ұпайын қайтарып алар болса, онда «Қайсарды» да қуып жетеді.

Дегенмен, шығыс қазақстандықтардың Ақтауға жорығы сәтсіз аяқталды. Әлбетте, Бірінші лигада топ жаруды көздеген команда «Каспийді» де, мейлі түз алаңда ойнаса да жеңетіндей болулары қажет. Қолда тұрған жеңісті уыстарынан шығарып алған Сергей Тимофеев шәкірттері бір ұпайды қанағат қылып қайтты.

Екінші төрттікте аутсайдерлер дербиінің куәсі болғанбыз. Елордамыздың Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен «Бәйтерек» – «Байқоңыр» кездесуінің тағдырын Едіге Оралбайдың бірінші таймның соңында соққан голы шешіп кетті.

Ал «Шахтер-Булат» Теміртауда Шымкенттің «Қыранынан» басым түсті. Есеп – 2:1.

ХХ тур

1-6 орындар

«Мақтаарал» (ОҚО) – «Қайсар» (Қызылорда) 0:3

Голдар: Марушко, 15. Марочкин, 20. Павинич, 90+3-пен.

Бас төреші: Болат Сариев (Орал)

«Екібастұз» – «Қызыл-Жар» (Петропавл) 0:1

Гол: Седельников, 68.

Бас төреші: Сәкен Байымбет (Тараз)

«Каспий» (Ақтау) – «Алтай» (ШҚО) 1:1

Голдар: Сердюков, 47 – Шакин, 21.

Бас төреші: Григорий Московченко (Павлодар)

7-10 орындар

«Бәйтерек» (Астана) – «Байқоңыр» (Қызылорда) 1:0

Гол: Оралбай, 45.

Бас төреші: Дмитрий Быстров (Сараң)

«Шахтер-Болат» (Теміртау) – «Қыран» (Шымкент) 2:1

Голдар: Васильев, 71. Ахмеев, 72-пен. – Нохрин, 80-пен.

Бас төреші: Арман Исмуратов (Астана)


"Алтайдың" 9 ұпайы шегерілген

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика