Вернуться к списку статей

Уақыттан озып "Астана" трансферді әлден бастады

Футбол
1K
Мұртазаев енді Постниковпен бірге
Бүгін «Астана» футбол клубы оңды-солды алдағы трансферлік өзгерістері жайлы ақпарат тарата бастады.

«Астана» футбол клубының сайты келесі жылдан бастап Роман Мұртазаевтың өздеріне ауысатындығын және үш жылға келісім-шартқа отырғандығын жариялады. Шабуылшы «Ертіспен» арадағы келісім-шартының мерзімі аяқталған соң елорда командасына ойысады екен.

Бәрі де дұрыс-ау. Бірақ келесі жылдан бастап қай клубта өнер көрсететінін білетін футболшы енді қалай ойнайды екен... Алдағы үш жылдық тағдыры – белгілі... Қазіргі командасында жарақат алып қалуға тырысып, түлкі бұлаңға салмай ма?

Сонымен қатар, Рохер Каньяс жаңа келісім-шартқа қол қойып, еңбек келісімінің мерзімін 2018 жылдың аяғына дейін ұзартыпты. Жалпы, Колумбияның жартылай қорғаушысы «Астанаға» 2014 жылдың басында келген.

Евгений Постинков та келісім-шартының мерзімін 2019 жылдың аяғына дейін ұзартыпты. Бірақ әзірше Латвияның «Венспилс» клубына жалға берілетін көрінеді.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика