Вернуться к списку статей

Қырғыздар Қазақстанға қарсы шығар футболшыларын жариялады

Футбол
2K
Қырғызстан ұлттық құрамасы
Қырғызстан ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Крестинин 30 тамыз күні Қазақстан құрамасына қарсы дайындалатын ойыншыларының тізімін жариялады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасынан бөлек, айыр қалпақты ағайындарымыз 6 қыркүйек күні Филиппин футболшыларымен де жолдастық кездесу өткізеді. Екі матч та 23 мың көрермен сиятын Долон Өмірзақов атындағы «Спартак» стадионында өтеді.

Осыған байланысты қырғыздар оқу-жаттығу жиындарын 25 тамыздан бастамақ. Александр Крестинин бұл жиынға 23 футболшыны шақырып отыр. Сондай-ақ, «Абдыш-Ата» қақпашысы Қалыс Акималиев те жиынға қатысады. Бірақ негізгі тізімге ілікпейді.

Тағы бір қызығы, 23 футболшының 11-і ішкі чемпионатта емес, шет елдердің біріншіліктерінде өнер көрсетеді. Арасында Ресей Ұлттық футбол лигасында, Голландия, Түркия, Германия, Бахрейн, Тайланд, Украина, Беларусь чемпионаттарында доп тебетіндер де бар.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстан – Қазақстан матчы 30 тамыз күні Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Одан кейін Талғат Байсуфинов шәкірттері 4 қыркүйек күні елордамыздың «Астана-Аренасында» 2018 жылғы әлем біріншілігі іріктеу додасының аясында Польшаны қабылдайды.

Қырғызстан ұлттық құрамасы:

Қақпашылар: Павел Матяш (клубсыз), Валерий Кашуба («Дордой»), Руслан Жаныбеков («Алга»).

Қорғаушылар: Азамат Байматов («Аль-Риффа», Бахрейн), Тамирлан Қозубаев («Дордой»), Валерий Кичин («Енисей», Ресей), Виктор Майер («Эммен», Голландия), Дэниел Тэго («Хала», Бахрейн), Ильяз Алимов, Акрам Умаров (екеуі де – «Алай»), Владимир Казакбаев («Абдыш-Ата»)

Жартылай қорғаушылар: Бахтияр Дүйшөбеков («Крумкачы», Беларусь), Фархат Мусабеков («ТСК-Таврия», Крым), Эдгар Бернхардт («Роденхаузен», Германия), Ахлидин Исраилов («Днепр Черкассы», Украина), Антон Землянухин («Сисакет», Тайланд), Азиз Сыдыков, Ислам Шамшиев, Кайрат Жыргалбек уулу (бәрі де – «Дордой»), Павел Сидоренко («Алга»), Одил Абдурахмонов («Алай»)

Шабуылшылар: Виталий Люкс («Унтерхахинг», Германия), Мирлан Мурзаев («Ушакспор», Түркия). 

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика