Вернуться к списку статей

Рейтинг – бас бапкерлердің ХХІV турдың ойындарынан кейінгі пікірлері

Футбол
1K
Бақтияр Байсейітов –
Қазақстан премьер-лигасындағы ХХІV турдың әрбір кездесуінен кейінгі баспасөз жиындарына шолу жасап шығып, бас бапкерлердің пікірлері арасында рейтинг ұйымдастырып, көріп отырмыз.

1-орын: Димитар Димитров, «Ертіс»:

– Төрешілер туралы ештеңе айтқым келмейді. Әйтседе, мына бір дәйекке тоқтала кеткім келеді. Бүгінгі төреші осымен төртінші рет біздің “үйдегі” матчымызға қазылық етіп отыр. Бірде-бір төреші біздің ойындарымызға осынша рет қазылық еткен жоқ. Мүлде ақталғым келіп отырған жоқ, бірақ бұл ойында төрешілер қара қылды қақ жарды деп айта алмаймын.

2-орын: Станимир Стойлов, «Астана»:

– Айрықша атап өткім келеді, бүгін біз соңғы бір жыл екі айдың ішінде бірінші рет пенальти ұрдық...

3-орын: Юрий Уткульбаев, «Ақтөбе»:

– Көріп отырған боларсыздар, бізге соңғы екі ойнда үш гол пенальтиден соғылды. Мен ғаламторды ақтармаймын, ештеңе оқымаймын, басымды ауыртпаймын. Футболшыларға да тек өз ойындарына көңіл бөліп, шеберліктерін артыруға ден қоюлары керектігін айтамын.

4-орын: Бақтияр Байсейітов, «Ордабасы»:

– (Үшінші орын алу жөніндегі уәдесі жайлы) Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін бізде әлі уақыт бар деп ойлаймын.

5-орын: Кахабер Цхададзе, «Астана»:

– Біз үшін әрбір ойын – маңызды. Қазір бізге әрбір ойын – финал.

6-орын: Алексей Еременко, «Шахтер»:

– Біз бүгін жеңіске жетерліктей ойын үлгісін көрсетпедік. Жеңіске деген жігеріміз жетпей, ұтылдық. Өзімізге тіке қарау керек, “айнаға” қарау керек. Мәселе психологияда, шеберлікте емес.

Премьер-лига додасының ХХІV турдан кейінгі кестесі:



Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика