Вернуться к списку статей

Қазақстан ұлттық құрамасы Таиландқа ұшып кетті

Футбол
2K
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: kff.kz
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін түнде халықаралық турнирге қатысу үшін Таиланд астанасы Бангкокқа ұшып кетті, – деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы қоңыр күзде (10 қыркүйектен 1 қазанға дейін) Колумбияда өтетін ХІІІ әлем чемпионатына дайындығын одан әрі жалғастырады.

Бұған дейін Өзбекстан құрамасымен Алматыда екі рет кездесіп, екеуінде де жеңіске жетіп, дайындығын бір пысықтап алған болатын. Енді Таиланд жерінде өтетін халықаралық турнирге қатысады.

Бұл турнир 20-23 тамыз аралығында «Бангкок-Арена» спорттық кешенінде өтеді екен. Оған төрт елдің ұлттық құрамасы қатысады. Олар – Қазақстан, Иран, Жапония және Таиланд.

Осы ретте айта кетейік, аталған төрт құраманың үшеуі, нақтырақ айтқанда, Жапония футзалшыларынан басқасы, Колумбияда өтетін ХІІІ әлем чемпионатына қатысады. Бірақ үшеуі әртүрлі топта бақ сынайды.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері, Бразилия маманы Какау Бангкокқа мына жігіттерімізді әкетіпті:

қақпашылар – Игита («Қайрат»), Григорий Шамро («Ақтөбе»);

алаңдағы ойыншыларСерік Жаманқұлов, Дінмұхамбет Сүлейменов, Дәурен Нұрғожин, Лео, Дуглас, Эвертон, Михаил Першин (бәрі де – «Қайрат»), Александр Довгань, Павел Таку, Николай Пенгрин, Арнольд Кнауб, Александр Гребонос, Илья Мун (бәрі де – «Тұлпар»), Антон Рындин («Аят»).

Бангкоктағы халықаралық турнирдің ойындар күнтізбесі:

20 тамыз

Иран – Қазақстан (16:30 – Астана уақытымен)

Таиланд – Жапония

21 тамыз

Жапония – Қазақстан (16:30 – Астана уақытымен)

Таиланд – Иран

23 тамыз

Иран – Жапония

Таиланд – Қазақстан (20:45 – Астана уақытымен)

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика