Вернуться к списку статей

“Қайрат” гол соғудан, “Астана” доп жібермеуден – алда, ал “Ертіс” – стандарттың озаты

Футбол
2K
Біреуінің қорғанысы, екіншісінің шабуылы – адам қызығарлықтай... Фото: fca.kz
Футболдан Қазақстан премьер-лигасының екі айналымында, яғни бірінші бөлігінде 131 ойын өтіп (бір матч кейінге шегеріліп), 316 гол соғылды.

Ел чемпионатының премьер-лигасында екінші айналымның ойындары аяқталды. Бірақ түгелдей емес. Елорда клубы Чемпиондар лигасының үшінші електік додасындағы кездесулерін өткізіп жатқандықтан, ХХІІ-турдағы «Шахтер» – «Астана» ойыны 7 тамызға шегерілді.

Әзірше, ел чемпионатында ең көп гол соққан команда – «Қайрат» (50 гол);

Ең аз гол соққан команда – «Шахтер» (8 гол);

Өз қақпасына ең көп доп жіберген команда – «Ақжайық» (44 доп);

Өз қақпасына ең аз доп жіберген команда – «Астана» (12 доп);

Екі айналымда пенальтиден соғылған голдар саны – 28 доп;

Пенальтиден ең көп гол соққан команда – «Ақтөбе» (6 доп);

Пенальтиден әлі гол соқпаған командалар – «Астана», «Атырау», «Тараз», «Шахтер»;

Баспен ең көп гол соққан команда – «Ертіс» (12 доп);

Баспен ең аз гол соққан команда – «Ақтөбе» (0 доп);

Айып соққысынан ең көп гол соққан командалар – «Ертіс» және «Оқжетпес» (3 доптан);

Айып соққысынан ең аз гол соққан командалар – «Астана», «Тараз», «Шахтер» (0 доптан);

Сол аяқпен әлі гол соқпаған команда – «Ақжайық» (0 доп);

Сол аяқпен ең көп гол соққан команда – «Қайрат» (13 гол);

Оң аяқпен ең аз гол соққан команда – «Шахтер» (2 доп);

Оң аяқпен ең көп гол соққан команда – «Қайрат» (23 гол);

Ойыншысы алаңнан көп аластатылған команда – «Ақжайық» (4 футболшы);

Ойыншысы алаңнан әлі аластатылмаған команда – «Тобыл» (0 футболшы);

Ойыншысы ең көп ескерту алған команда – «Тараз» (57 рет);    

Ойыншысы ең аз ескерту алған команда – «Қайрат» (34 рет).

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика