Ресейдің championat.com порталы «Стандард» (Льеж) клубының жартылай қорғаушысы Георгий Жуковтің «Уралмен» үш жылға келісім шартқа отырғандығын мәлімдеді. Екатеринбург командасы Бельгия клубынан аталған ойыншыны сатып алған.
Жуков кеше Словенияда медициналық тексерістен өтіп, бүгін ұзақ мерзімді келісім шартқа қол қойған. Осы ретте айта кетейік, «Урал» Ресей чемпионатының премьер-лигасында ойнайды. 2015/2016 жылдар маусымында 8-орынға ие болған.
Бара берсін-ау. Бірақ оның көрші елдің чемпионатына Ресей азаматы ретінде тіркелуі мүмкінт екен. Аталған сайттың жазуынша, Жуковте Бельгия, Қазақстан және Ресей төлқұжаттары бар көрінеді. Қалай сонда, біздің елде екі-үш азаматтықпен жүрген?!.
Айтпақшы, қазір «Қайраттың» сапында жүрген Герсон Асеведо осы «Урал» командасынан келген. Ал Жуков «Қайрат» шақырғанда келмей, Instagram-дағы жеке парақшасына Қазақстан футболын сынап-мінеп, өз ойларын жазған болатын.