Вернуться к списку статей

Жасөспірімдер құрамасы Президент кубогына Сербияда дайындалады

Футбол
1K
Жасөспірімдер құрамасы. Фото: kff.kz
Қазақстан Президенті кубогына дайындықтарын пысықтау мақсатында еліміздің 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы құрамасы Сербияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Александр Кузнецов жаттықтыратын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 23 шілде күні Талғардағы базада жиналып, келесі күні Белградқа ұшады. Содан 24 шілдеден 3 тамызға дейін Сербияда оқу-жаттығу жиынын жүргізеді.

Аталған дайындық жұмыстары барысында Қазақстан бозбалалары өздерімен құрдас Сербия- U17 құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізеді. Бұл ойындар 26 және 29 шілде күндеріне белгілеген.

Бапкерлер құрамы Сербиядағы оқу-жаттығу жиынына мына бозбалаларымызды шақырыпты:

қақпашылар – Данил Устименко («Қайрат»), Олег Медведев («Астана»);

қорғаушылар – Дінмұхамед Қашкен («Астана»), Сағи Совет («Астана»), Бексұлтан Шәмші («Ордабасы»), Санжар Әйтім («Астана»), Әлім Ілиясов («Астана»);

жартылай қорғаушылар – Мәди Жақыпбаев («Астана»), Руслан Махан («Астана»), Арман Кеңесов («Ертіс»), Сұлтан Сағынаев («Астана»), Андрей Ульшин («Қайрат»), Жасұлан Қайыркенов («Астана»), Александр Усачев («Ақтөбе»), Вадим Сидоров («Қайрат»);

шабуылшылар – Еркебұлан Сейдахмет («Монтажник», Тараз), Денис Красноперов («Ертіс»), Аймахамбет Қолмоңбетов («Ордабасы»).

Бапкерлер құрамы:

аға жаттықтырушы – Александр Кузнецов, көмекшісі – Игорь Маштаков, қақпашылар жаттықтырушысы – Ерлан Тілеуқұлов. 

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика