– Вильнюсте «Жальгирис» «Астананың» шабуылына төтеп бере алды, енді оның қорғанысын қалай бұзып өтпексіздер?
– «Жальгирис» бірінші ойында тек қана сауаты түрде қорғана білді деп ойламаймын. Біздің тіпті гол соғатын тамаша мүмкіндіктеріміз де болды. Астанада да солай болады деп үміттенемін. Қарсыласымыз фаворит болып есептеледі. Деңгейі жоғары ойыншылары да көп, Еурокубоктарда жинаған тәжірибелері де жеткілікті, бірақ олардың мойындарына артылған жүк – ауыр. Оларға тек жеңіске жету керек. Бұл да – қысым. Сондықтан атойлап алға шабады....
– «Астана» сапындағы ең қауіпті ойыншы деп, кімді бөле-жара атар едіңіз?
– «Астананың» құрамы – күшті. Жергілікті ойыншылары мен легионерлері үйлесім тапқан. Команданың сауатты және мұқият ойын үлгісін атап өту керек. Бұл шабуылға шықандарында сезіледі. Егер нақты есімдерді атап өту қажет болса, онда Твумаси, Ибраими, Кабананга, Деспотович, Нөсербаев – жоғары деңгейлі ойыншылар. Олар өздерінің сапалы ойындарын өткен маусымдарда дәлелдеген.
– Литва чемпионаты Еурододадай аса тартысты емес қой. Әйтсе де, бірінші ойынды жоғары деңгейде өткіздіңіздер деуге бола ма?
– Тереңнен толғасақ, әрине. Егер біз әр ойында бар күш-жігерімізді салып ойнайтын командамен кездесіп отырсақ, онда деңгейіміз тез өсер еді. Менің ойымша, биыл команда басмшылығы дұрыс шешім қабылдады. Чемпиондар лигасы алдында бізді оқу-жаттығу жиынына Словенияға жіберді. Ондағы жаттығу жұмыстарымыз пайдалы болды, деңгейі жоғары командалармен жолдастық кездесулер өткіздік. Мұның бәрі Вильнюстегі ойында кәдеге жарады.
– Бірінші ойында Твумасиді тұсаулап ұстауға тырыстыңыздар. Аяғына доп тисе, үш ойыншыңыз қаумалап алумен болды. Бұл тактика дұрс болды ма?
– Егер Патрик Твумаси гол да соға алмаса, нәтижелі пас та шығарып бере алмаса, онда біздің дұрыс тактика қолданғанымыз ғой. Қазақстан чемпионатында да өзге командалар Твумасиге ерекше көңіл бөліп, ізін аңдып ойнайтын сияқты. Бұл түсінікті де, оның шеберлігі – мейілінше жоғары. Оған қарсы қалай ойнаймыз дейсіз бе? Оны ертең көреміз. Тағы да гол соғуына мүмкіндік бермеуге тырысамыз.
– Вильнюсте сіздің шәкірттеріңіз ойын ережесін өрескел бұзбаса да, дөрекілеу ойнағандай...
– Бұл арнайы тапсырма болатын деп айта алмаймын. Тек жігіттердің бәрі де намысты қолдан бермеуге тырысты. Ертең де аянып қалмайды. Егер бірінші ойынның статистикалық деректеріне қарасақ, ойын ережесін өрскел бұзбау жағынан екі команданың көрсеткіштері тең болды.
– Ертеңгі матч сіздің ойыншыларыңыздың Қазақстан клубтары “тыңшыларының” көздеріне түсу мүмкіндігі бола ала ма? Бұл ретте, біздің елде өнер көрсеткен Литва футболшылары болғанын ескерсек...
– Чемпиондар лигасындағы әрбір ойын Қазақстан клубтарына ғана емес, бүкіл Еуропаға өзіңді көрстеу мүмкіндігі болып табылады. «Астана» секілді азулы командамен додаға түскенде, жақсы ойнаған футболшы міндетті түрде көзге түседі.
– Сіз «Жальгириске» Астанада өз жеріндегіден 10 есе қиын болады дедіңіз. Неге?
– Өйткені, ертең бізге қарсы «Астананың» 11 емес, 12 футболшысы ойнайтын болады. Өз алаңы және стадионы... бізге өте қиын болады. Сондай-ақ тарих дерегі тағы бар... Түзде Литва клубтарының бағы жанып жүрген жоқ. Алайда біз ертең Литва футболының тарихына тың жетістік енгізе аламыз деп ойлаймын. Біз оны жүзеге асыруға дайынбыз.