Вернуться к списку статей

Станимир Стойлов – Үздік алтылыққа "Атырау" мен "Тобыл" лайық

Футбол
1K
Тобыл, Атырау, әлде Ақтөбе?
Бірінші кезеңнің соңғы турының алдында Премьер-лиганың үздік алтылығына шыққан бес команда анық. Енді қалған жалғыз орынға бірден үш ұжым үміткер: «Ақтөбе», «Тобыл» және «Атырау». Қайсысының бағы жанар екен? Мақсатын орындауға қайсысы жақынырақ?

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы бірінші кезеңінің аяқталуына бір тур тур қалды. Содан кейін үздік алтылық пен аутсайдерлер алтылығы толық анықталады. Жартысы чемпиондыққа таласса, қалғандары жоғарғы дивизиондағы өз орындарын сақтап қалу үшін жанталасады.

Турнир кестесіне көз жүгіртсек, 6-орында 27 ұпаймен «Ақтөбе» тұр. Ал 25 ұпайдан еншілеген «Тобыл» мен «Атырау» 7-ші және 8-ші орындарда. Енді тағдырлары соңғы турда шешілмек.

«Ақтөбе»

Юрий Уткульбаев шәкірттері ХХІІ турды өз алаңында өткізеді. Ақтөбеге Шымкенттің «Ордабасы» командасы қонаққа келмек. Турнир кестесіндегі көршілері болғанымен шымкенттіктер өз мақсаттарын әлдеқашан орындап қойған. Бірақ, шыны керек, соңғы кездері «Ордабасы» жанкүйерлері бас бапкер Бақтияр Байсейітовтің жұмысына көңілдері толмай жүр. Бастапқыда кетуін сыпайы түрде сұрағанымен уақыт өте келе «Байсейітов кет» деп ұрандатуға дейін жетті. Расымен де оңтүстік командасы соңғы 15 ойында Еуропа лигасының кездесулерін қосқанда тек екі-ақ ойында жеңіске жетіпті. Ойындары ала-құла сол «Ордабасы» енді Ақтөбеде Юрий Уткульбаев командасынан ұпай тартып алады дегенге сену қиын. Оның үстіне, кейбір сарапшылар мен мамандар бұл матчтың тағдыры әлдеқашан шешіліп қойғанын айтып, жеңістің «Ақтөбеге» бұйыратынын болжауда.


«Атырау»

«Мұнайшылар» 24 шілде күні өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу» футбол клубын қабылдайды. Соңғы кездері кәдімгідей қарқын алған команда болғанымен үздіктер қатарынан орын алудан біржола күдерін үзген. Стойчо Младенов шәкірттерінің де шамасы талдықорғандықтарға жетуі тиіс. Алайда, бәрібір «Атыраудың» үміті көмескі.

«Тобыл»

Әп-әдемі келе жатып, турнир кестесіндегі жағдайын қиындатып алғаны үшін «Тобылдың» өзі кінәлі шығар. Өз алаңында «Оқжетпеске» үш ұпайды ұстатып қойып, 6-орыннан айрылып қалған өздері. Енді соңғы турды Оралда өткізетін «Тобыл» үшін «Ақжайықты» ұту аз, «Ақтөбенің» де ұтылғанын тілеп, «Атыраудың» сүрінгенін күту қажет. Сонда ғана үздіктер қатарынан орын алады.

Сонымен, кімнің мүмкіндігі мол?

Егер «Атырау» мен «Тобыл» соңғы турда үш ұпайдан еншілеп, «Ақтөбе» тең түсіп қалар болса, үшеуінде де 28 ұпайдан болады. Ал Қазақстан чемпионаты Регламентінің 12,6 бабы бойынша екі және үш команданың турнир кестесіндегі ұпайлары тең болған жағдайда, бірінші кезекте өзара ойындарына қарайды. Бұл тұрғыда басты бәсекелестеріне қарағанда «Ақтөбенің» шоқтығы биік. Юрий Уткульбаев шәкірттері «Тобыл» және «Атыраумен» болған ойындардан жеті ұпай еншілеген. Одан кейінгі сатыда 5 ұпаймен «Атырау» тұр. «Тобылдың» халі тіптен мүшкіл. Олар басты бәсекелестерінен небәрі төрт-ақ ұпай алған екен.

Демек, мақсатына жету үшін Дмитрий Васильев командасына соңғы турда тең ойын да жеткілікті. «Атырауға» өздері жеңіп қоймай, «Ақтөбенің» де ұтылғанын тілеу қажет. Ал қостанайлықтарға екі бәсекелесінің де сүрінгені керек.

Үш команданың өзара турнирлік кестесі

Командалар

Бірінші айналым

Екінші айналым

Жеңіс

Тең ойын

Ұтылыс

Доп айырмашылығы

Ұпай

Орын

1

2

3

1

2

3

Ақтөбе


2:1

1:0


0:1

1:1

2

1

1

4-3

7

1

Атырау

0:1


2:1

1:1


0:0

1

2

1

3-3

5

2

Тобыл

1:2

1:2


1:0

0:0


1

1

2

3-4

4

3

Станимир Стойлов, «Астана» ФК бас бапкері: Үздік алтылыққа «Атырау» мен «Тобыл» лайықты

Үш команданың да әлеуеті «Астана» футбол клубының бас бапкері Станимир Стойловқа жақсы таныс. Сондықтан, командасын ел чемпионы атағына жеткізген маманның осы мәселе жайлы пікірі де бізді қызықтырған еді.


– Үш командамен де кездестік. Маған осылардың ішінде «Атырау» ұнады. Әсіресе, жаңа бапкері Стойчо Младенов келгелі бері олардың ойындары түлеп сала берді. Сіздер білесіздер ғой, жазғы трансферлік маусымда «Атырау» құрамын күшейте алған жоқ. Соған қарамастан «мұнайшылар» чемпионатта лайықты өнер көрсетуде. Оның үстіне, бұл команданы өзімнің отандасым, әрі жақын досым жаттықтыратындықтан мен үздік алтылыққа «Атыраудың» шыққанын қалаймын. Бірақ «Тобылдың» да құрамы күшті. Олар командасына кіл мықты ойыншыларды жинақтаған. Үздіктер қатарынан орын алуға осы екеуі лайықты. Дегенмен, қалай боларын айта алмаймын, - деді болгар маманы.

ХХ тур, 24 шілде

Ақтөбе – Ордабасы

Бірінші ойын – 1:3

Ақжайық – Тобыл

Бірінші ойын – 0:1

Атырау – Жетісу

Бірінші ойын – 1:1



Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика