Вернуться к списку статей

“Күн тәртібіндегі” жоспарлы жеңіс – “Ақтөбе” алғашқы алтылықта

Футбол
1K
«Ақтөбе» – «Шахтер». Фото: fc-aktobe.kz
Ел чемпионатының екінші бөлігінде үздіктер арасында додаға түсу үшін алтыншы орынға таласып жатқан «Ақтөбе» ХХІ-турда «Шахтерді» жеңді.

Бұл ойында «Ақтөбенің» жеңіске жететіндігіне ешкім де күмән келтірген жоқ десек те болады. Оның үстіне «Шахтердің» бас бапкері тәжірибелі қорғаушысы Никола Василевичті ойын хаттамасына қоспаған...

«Ақтөбе» әр таймда бір голдан соғып, жеңіске жетті. Екі голды да командаға жақында қосылған шабуылшылар соқты. Дао допты жата қалып, шыр айнала тепті. Ал Щеткин алаң иелерінің қорғаушылары мен қақпашысы абдырып қалғанда, аяғымен “сілке” салды.

«Шахтер» бұл ойында алаң иелерімен тең түсе де алмайтындарын білді ме, екінші таймда жасыл алаңға жас футболшыларын шығарды.

Сөйтіп, «Ақтөбе» 6-орынға көтерілді. Соңғы турда бұл орынды “уысынан” шығара қоймас. Енді «Атырау» мен «Тобыл» алғашқы алтылыққа іліге алмас. Бірақ оған – өздері кінәлі.

«Атырау» соңғы бес турда үш-ақ ұпай еншіледі. Үш рет тең түсіп, екі рет ұтылды. Өз алаңында басты бәсекелестері «Ақтөбе» мен «Тобылды» ұта алмады.

«Тобыл» кеше өз алаңында «Оқжетпестен» ұтылып қалды. ХVІІІ-турда Таразда жеңіліске ұшырады. Тым болмаса, осы екі ойынның біреуінде жеңіске жеткенінде, «Ақтөбеге» қуып жете алмас еді...     

«Ақтөбе» «Шахтер» – 2:0

Голдар: Дао, 22. Щеткин, 58.

«Ақтөбе»: Отарбаев, Қайыров, Куаджа, Цвейба, Ситдиков, Митошевич, Крюков, Жалмұқан (Дао, 9; Азовский, 70), Шестаков, Бочаров (Бойчук, 88), Щеткин.

«Шахтер»: Шацкий, Скорых, Садовничий, Пикалкин (Өміртаев 86), Габышев (Нұрыбеков, 78), Сзоке, Зошак, Байжанов, Уббинк (Путинцев, 65), Серечин, Симоновски.



Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика