Вернуться к списку статей

“Қайсар” Илья Ильинді қолдайды!

Футбол
1K
Фото әлеуметтік желідегі Goal.kz парақшасынан алынды
Қызылорданың "Қайсар" футбол клубы әйгілі ауыратлет Илья Ильинді қолдап, ел чемпионатының кезекті матчына арнайы жейдемен шықты.

Биыл Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында ойнап жүрген «Қайсар» ХІ-турда «Бәйтеректі» қабылдап, 6:0 есебімен үстемдік танытқан болатын. Өткен сенбіде өткен осы ойынға «Қайсар футболшылары әйгілі ауыратлет Ильиннің суреті басылған, сондай-ақ «Илья, біз сенімен біргеміз!» деген жазуы бар ақ жейде киіп шықты.

Осы ретте айта кетейік, Ильин – ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада және төрт дүркін әлем чемпионы. Жақында оның 2008 және 2012 жылдары Олимпиада ойындарында алынған допинг-сынамаларының екінші сараптамасының нәтижелері жарияланған болатын. Онда Қазақстан спортшысының «қанында тыйым салынған заттар (дәрі-дәрмектер) болған» деген ақпарат тараған-ды...

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика