Вернуться к списку статей

Аймақтарда футболды дамытуға Мұсабеков жауапты

Футбол
1K
ҚФФ Аймақтарда футболды дамыту департаментінің басшысы – Ержан Мұсабеков. Фото: kff.kz
Қазақстан футбол федерациясының аймақтарда футболды дамыту департаментіне Ержан Мұсабеков басшы болып бекітілді.

Бүгін ҚФФ ресми сайтында Аймақтарда футболды дамыту департаментін Ержан Мұсабеков басқаратындығы жарияланды. Оның міндеті – аймақтық федерациялармен жұмыс жасауды нығайту, федерацияның барлық органдары арасында бірыңғай жүйе құру және өзара әрекет тетіктерін жетілдіру.     

Ержан Мұсабеков 1997 жылы Қазақ Архитектуралық-құрылыс академиясын бітірген. 1998 – 2005 жылдары Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінде жұмыс жасаған. Бөлім басшысына дейін көтерілген.

2005 – 2012 жылдары ҚФФ-сында футбол клубтарын лицензиялау департаментінің инфрақұрылым және спорттық нышандар жөніндегі сарапшысы болған.

2013 аймақтық федерациялармен жұмыс жөніндегі бөлімге ауысып, екі жыл тәжірибе жинақтаған. 2016 жылдың басынан бері Алматы қаласындағы Орталық стадионның спорттық-бұқаралық жұмыстар бөлімін басқарып келген. Енді міне, Қазақстан футбол федерациясына қайта келіп отыр.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика