Вернуться к списку статей

“Қайрат” неге қорғаушы емес... хавбек

Футбол
1K
Чилидің жартылай қорғаушысы Герсен Асеведо
Футболдан Қазақстан премьер-лигасындағы жазғы трансфер әлі қыза түскен жоқ. Әйтсе де, бірнеше командада ауыс-түйістер жүзеге асып жатыр.

Қайрат” қорғаушысынан айырылса да, жартылай қорғаушы алды

Алматының «Қайраты» ресми сайты арқылы Чилидің жартылай қорғаушысы Герсен Асеведомен екі жылға келісімшартқа отырғандығын жариялады. Бойы – 182, салмағы – 80 келі. Туған күні – 8 сәуір 1988 жыл. Бұл футболшы 2010 жылдан бері Ресейде ойнады. «Урал» – «Мордвия» – «Урал» бағытында, осы екі командада өнер көрсетті. Біздің елге Ресейдің бірінші лигасынан келіп отыр.

Бәрі де дұрыс-ау, бірақ біздің таң қалатынымыз, «Қайратта» қазір жартылай қорғаушы көп. Шетінен – «сен тұр, мен атайын (тебейін)» дейтін қас шеберлер. Бұл ретте, Исламхан, Исаэль, Тимощук, Аршавин, Бакаев сынды бетке ұстар ойыншыларын атап өтуге болады. Қуат, Дарабаев сынды әлеуеті зор ойыншыларымыз осылардың көлеңкесінде жүр. Енді Асеведо келіп отыр...

Негізі, «Қайрат» қорғаушы іздей ма деп ойлағанбыз. Өйткені бразилиялық Бруно Соарес жарақаттанып, маусым аяғына дейін қатардан шығып қалған сияқты еді. Серб қорғаушысы Жарко Маркович те ХІV-турда жарақат алып қалған-ды. Ол да ХV-турда алаңға шыққан жоқ...

Тобыл” екі орын босатты...

«Тобыл» екі ойыншысымен қош айтысты. Рақымжан Розыбакиевпен және Константин Дудченкомен өзара келісіп, екеуін де жібергендерін жариялады. Бәлкім, олардың орындарына басқа біреулерді "көздеп" жүрген болар...

Розыбакиев бірден «Ақжайыққа» барды. Тіпті ХV-турда ОРал командасының намысын қорғады. Соңғы бейресми деректерге сүйенсек, Дудченконың да «Ақжайық» сапынан көрінуі ғажап емес сияқты.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика