Кеше кешкісін Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтында Құрама командалар департаментіне Ғани Қайназаровтың директор болып бекітілгендігі жарияланды.
Ғани Қайназаров кезінде «Қайрат» пен «Таразда», Алматы мен Тараздың басқа да командаларында ойнаған. Енді еліміздің барлық құрама командаларының жұмыстарын үйлестіріп және ұйымдастырып отыратын болады.
Сондай-ақ Инфрақұрылымдарды дамыту департаментін Батырбек Үсенов басқаратын болыпты. Қазақстан футбол федерациясы Батырбек Хамитұлының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында тәжірибесі көп екендігін, біраз уақыт Қостанай облысы әкімдігінде және жекеменшік құрылыс компанияларында жұмыс жасағандығын атап өтіпті.