Кеше кешкісін Украина құрамасы Францияда өтетін Еуропа чемпионатында сенім артатын 23 футболшысының тізімін жариялады. Соңғы тізімге кейінгі жылдары «Қайраттың» сапында өнер көрсетіп жүрген Анатолий Тимощук те ілікті.
Сөйтіп, Тимощук Қазақстан чемпионатынан Еуропа біріншілігінің финалдық додасына қатысатын алғашқы футболшы болып отыр. Қысқаша айтқанда, соны жетістік!
Жалпы, 37 жастағы Анатолий Тимощук «Қайратқа» 2015 жылғы шілденің басында келген. Ал Украина құрамасы сапында 2000 жылдан бері 137 ойын өткізген.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы Еуропа чемпионаты 10 маусымнан 10 шілдеге дейін Францияның 10 стадионында өтеді. Құрлық біріншілігінің финалдық додасында 24 елдің ұлттық құрамасы бақ сынайды.