Вернуться к списку статей

Өз елінің ұлттық құрамасына шақыртылған қазақ додасындағы футболшылар

Футбол
2K
Неманья Максимович
Қазақстан премьер-лигасында ойнайтын легионерлердің біразы ФИФА күнтізбесіне сай мамыр айының соңындағы жолдастық кездесулерге қатысты.

Максимович келмегенде, не болар еді?

«Астананың» әлеуеті зор жас жұлдызы Неманья Максимович Сербия ұлттық құрамасы сапында бір ойын өткізіп келді. 25 мамыр күні сербтер Кипр құрамасын Ужицеде қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жеткен. Неманья осы матчты бастан-аяқ ойнап шығып, бірден Қазақстанға қайтты.

Негізі, Сербия құрамасы 31 мамырда Израиль, ал 5 маусымда Ресей футболшыларымен додаға түсіп, тағы да екі жолдастық кездесу өткізулері керек болатын. Бірақ "Астана" Максимовичті бір-ақ ойынға жіберетін болып, алдын-ала келісіпті.

Сөйтіп, «Астана» ел кубогының ширек финалында Сербияның жас саңлағына сенім арта алмады. Әйтсе де, 3:2 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты. Бірақ ХІІІ-турдағы түзде «Ақтөбемен» өткен ойында алыстан, жол соқты болып келген жартылай қорғаушсын жасыл алаңға шығарды.

Стойлов мұнысы дұрыс болып шықты. Ақтөбедегі тартысты ойында жалғыз голды Максимович соғып, «Астана» маңызды жеңісіне қол жеткізді. Бұлай дейтін себебіміз, ХІІІ-турда өкшесін басқан «Ертіс» пен «Қайрат» та үш ұпайдан олжалап, елордалықтарға жақындай болатын.

Твумаси Гана құрамасының сапына алынды

«Астананың» белді ойыншыларының бірі Патрик Твумаси алғаш рет Гана ұлттық құрамасының сапына шақыртылды. Ол бұған дейін тек өз елінің жастар құрамасы сапына шақыртылып, 2012 жылы «Үш ұлт кубогы» додасының жеңімпазы атанған болатын.

Гана құрамасы 5 маусым күні түзде, Африка ұлттары кубогы аясында Маврикия футболшыларымен кездеседі. Осы ойында Твумасидің өз елінің ұлттық құрамасы сапында алғаш рет алаңға шығуы да ықтимал.

Негізі, Гана құрамасы 28 мамыр күні Гвинея футболшыларымен жолдастық кедесу өткізулері керек болатын. Бірақ әзірше ешқандай мәлімет жоқ.

"Астана" Аничичті жіберген жоқ     

Орайы келгенде айта кетейік, «Астана» футбол клубы Марин Аничичті үш жолдастық кездесу өткізетін Босния және Герцеговина құрамасының сапына жіберген жоқ.

Өйткені, мамырдың аяғы мен маусымның басы Еуропада ресми күндер болып бекітілмеген. Ал Босния және Герцеговина құрамасы кеше Испанияның қас шеберлерінен 1:3 есебімен ұтылып қалды.


Максимович, Твумаси және Тесак. Фото: fca.kz

Тимощук Украина құрамасы сапында жарақатанып қалды

«Қайраттың» қорғанысының берік «топсасы» болып саналатын Анатолий Тимощук бірер күн болды, Украина құрамасының сапында жүр. Бірақ бұл екі жаққа тиімсіздеу болып тұрғандай...

«Қайрат» Тимощуксіз өз алаңында «Ақжайықтан» ұтылып қала жаздаса, Анатолий Украина құрамасы сапында жарақаттанып қалыпты. Жарақатының қаншалықты жеңіл екендігі жайлы мәлімет жоқ, әлі.

Әрі Тимощук кеше Украина түзде Румыния құрамасынан 4:3 есебімен басым түскен тартысты ойында алаңға шыққан жоқ. Десек те, жанкешті Анатолийдің Еуропа чемпионатында өз елінің намысын абыроймен қорғауына тілектеспіз.      

Лукаш Тесак Владимир Вайссқа "сәлем" жолдап келді

Алматының «Қайратының» тағы бір ойыншысы Еуропа чемпионатында бақ сынау бек мүмкін. Словак Лукаш Тесак та өз елінің ұлттық құрамасы сапында Францияда өтетін «Еуро-2016» додасына дайындалып жатыр.

Словакия құрамасы үш күннің екі жолдастық кездесу өткізіп үлгерді. Әуелі Австрияда Грузия футболшыларымен кездесіп, 3:1 есебімен жеңді. Бұл ойында екінші гол Тесактың пасынан кейін соғылды.

Ал кеше түнде түзде азуын айға білеген Германия құрамасын 3:1 есебімен тізерлетті. Лукаш Тесак бұл ойында қосалқы құрам орындығында отырды.

Гейнрих Өзбекстан құрамасына шақыртылды

Өзбекстан құрамасы да екі жолдастық кездесу өткізеді. 2 маусым күні Ташкентте Экваторлық Гвинея футболшыларын қабылдаса, 7 маусымда Австрияда Канада құрамасымен кездеседі.

Осы ойындарға «Ордабасы» клубының жартылай қорғаушысы Александр Гейнрих та шақыртылыпты. Бірақ ол биылғы маусымда, Шымкент командасы сапында төрт-ақ ойын өткізді.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика