Вернуться к списку статей

Жаттықтырушылар жастар құрамасына ойыншыларды төменгі лигалардан іздеуге мәжбүр

Футбол
2K
Рашид Люхай (№7) - Екінші лига өкілі
Ұлттық құрамамыздың Қытаймен болатын жолдастық кездесуіне байланысты орын алған ел чемпионатындағы үзілісті Қазақстан жастар құрамасы да пайдаланып қалмақ.

Маусымның 3-і мен 8-і аралығында Қазақстан жастары Шымкентте бес күндік оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылмақ. Аға бапкер Вахид Масудов бастаған жаттықтырушылар алқасы бұл жиынға барлығы 25 ойыншыны шақырыпты. Арасында Сербияның «Спартагында» ойнайтын Максим Федин де бар. Сондай-ақ, 4 ойыншыны Бірінші лига клубтарынан және бірыңғай Екінші лигада доп теуіп жүрген Рамир Хасанов (Жетісу), Құлахмет Шайхисламов (Тараз), Рашид Люхай (Қайрат) сынды жастар да бар.

Бұл нені білдіреді? «Премьер-лига ойындарында командалар хаттамаға екі жас ойыншыны қосуға міндетті болғанымен олардың алаңға шығу-шықпауларын бас бапкер шешеді» деген қағида енгізілгелі бері Жастар құрамасының жаттықтырушылары төменгі дивизионның ойыншыларына көз жүгірте бастағандай.  

Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы өзінің келесі ресми кездесуін «Еуро-2017» іріктеу додасының аясында 2 қыркүйек күні өткізеді. Жерлестеріміз түзде Швейцария құрамасымен кездеспек. Швейцариядан бөлек, Англия, Норвегия мен Босния және Герцеговина құрамалары бар 9-топта жастарымыз соңғыларын артқа тастап, әзірге 4-орында келеді.

Қазақстан жастар құрамасы

Қақпашылар: Голубничий Михаил («Астана»), Караваев Илья («Алтай»), Павлов Станислав («Ақтөбе»)

Қорғаушылар: Әділханов Темірлан («Жетісу»), Жұмағали Саят («Ақтөбе»), Сұлтанов Карам («Қызылжар»), Куксин Антон («Оқжетпес»), Рудосельский Тимур («Қайрат»), Сартаков Григорий («Ертіс»), Шайхов Берік («Астана»), Аслан Рафкат («Тобыл»).

Жартылай қорғаушылар: Құлахметов Шайхислам («Тараз»), Люхай Рашид («Қайрат»), Валиуллин Руслан («Ақжайық»), Хасанов Рамир («Жетісу»), Тұңғышбаев  Еркебұлан («Ордабасы»), Төлиев Мирас («Оқжетпес»), Вороговский Ян («Қайрат»), Гладченко Максим («Бәйтерек»), Сапаров Алтынбек («Атырау»), Жалмұқан Дидар («Ақтөбе»)

Шабуылшылар: Федин Максим («Спартак/Суботица»), Әлмұрзаев Темірлан («Тобыл»), Чулагов Самит («Алтай»), Сүлей Әлішер («Тараз»).

Жаттықтырушылар штабы: аға жаттықтырушы - Масудов Вахид, жаттықтырушының көмекшісі - Свечников Игорь, қақпашылардың жаттықтырушысы - Родионов Николай, дәрігер - Оразғалиев Біржан, массажшы - Күнходжаев Қайрат, әкімші - Мұсабаев Ербол, Брейткрейц Александр - менеджер.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика