Вернуться к списку статей

Ерлан Қожағапанов "Қайратты" сынға алды

Футбол
1K
Фото fca.kz сайтынан
Қазақстан футбол федерациясының Президенті Ерлан Қожағапанов өзінің баспасөз қызметіне сұхбат беріп, ұлттық құрамамыздың алдағы Қытаймен болатын жолдастық кездесуіне тоқталды.

Назарларыңызға сол бейнесұхбаттың ұлттық құрамамызға байланысты тұсын қазақ тіліне тәржімалап, оқырмандар назарына ұсынуды жөн көріп отырмыз.

– Қазақстан ұлттық құрамасы маусымның 7-сі күні Қытай ұлттық құрамасымен жолдастық кездесу өткізетін болды. Команданы ол жаққа кім бастап барады?

– Бізде бұған дейін Әзірбайжан және Грузия ұлттық құрамаларына қарсы өткен жолдастық матчтарда өздерін жақсы жағынан көрсете алған отандық мамандардың квартеті бар. Далян қаласында өтетін кездесуге футболшыларды Талғат Байсуфинов, Нүркен Мазбаев, Андрей Ферапонтов және Юрий Новиков бастап барады. Осыған орай, барша футбол жанкүйерлерін 7 маусым күні «Хабар» телеарнасын сағат 17:30-да қосуға шақырамын. Матч тікелей эфирден көрсетіледі. Сондай-ақ, ойынды стадионнан тамашалағысы келген жанкүйерлерге Қазақстан футбол федерациясы билеттер бөледі.

– «Қайрат» футбол клубы ұлттық құрама сапына ойыншыларын жібергісі келмейді деген ақпарат шықты. Бұл жөнінде не дейсіз?

– Кез-келген спортшы үшін ұлттық құрама сапына шақырылу – тек үлкен мәртебе ғана емес, шеберлігінің өте жоғары екендігінің мойындалуы. Бүгінде «Қайраттан» басқа командалардың барлығы да өз ойыншыларының осы матчқа жіберетіндігін растады. Бізге «Қайраттың» позициясы түсініксіз болып тұр. Меніңше, «Қайраттың» шынымен де өзінің халықтық команда екендігін дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын сәт келген секілді. Осы орайда, айта кету керек, өзінің басқа елдерде ойнайтын ойыншыларын қуана-қуана жіберіп жатқан «Қайрат» өзіміздің ұлттық құрамамызға келгенде бірбеткейлік түсініксіз позицияны ұстанып отыр, - деді ҚФФ президенті.  

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика