Вернуться к списку статей

Бірінші лига. Жеңілістің кермек дәмін татпаған үш команда қалды

Футбол
1K
Бәйтерек – Алтай 0:2
Бірінші лиганың 5-турынан кейін жеңілістің кермек дәмін татып көрмегендер саны үшеуге дейін қысқарды. Оның екеуі турнир кестесінде көш бастап тұр.

Турдың орталық кездесуі Сыр елінде өтті. Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадионда «Қайсар» Петропавлдың «Қызыл-Жарын» қабылдаған. Бірінші тайм тең дәрежеде өтіп, екі команда да бір-бірін ала алған жоқ. Алайда, үзілістен кейін қарқындарын күшейткен қызылордалықтар қонақтар қақпасына екі гол соқты. Екеуі де словакиялық жартылай қорғаушы Матиц Марушконың еншісінде. 

2014 жылды қызылордалық клубта өткізіп, былтыр бір жылға Оралға барып қайтқан Марушко биыл қайтадан «Қайсардың» басты ойыншыларының біріне айналды. Бұл жолы алдымен 49-минутта есеп ашып, арада алты минут өткенде таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді. Бұл «Қызыл-Жардың» биылғы маусымдағы алғашқы жеңілісі. Ал басты бәсекелестерінің бірін тізе бүктірген «Қайсардың» Премьер-лигаға шығу жоспары әзірге тамаша жүзеге асып тұр.

«Алтайдан» алып қойған тоғыз ұпайдың дауы маусым соңына дейін жалғаса беретінге ұқсайды. Іс Лозаннадағы халықаралық сотқа өтті. Бұл жайлы әлі де жазатын боламыз. 

Ал 5-турда «Алтай» түзде біріншілік аутсайдері «Бәйтеректі» жеңді. Бірінші таймда-ақ екі гол соғып, үзілістен кейін қолдарын қалталарына салып жүрген Сергей Тимофеевтің шәкірттері осы маусымдағы бірінші ұпайына қол жеткізді де, турнир кестесінде 8-орынға көтерілді. Дегенмен, егер әлгі -9 ұпай болмағанда «Алтай» қазір 4-орында тұрар еді.

Бас бапкерінен айрылған Ақтаудың «Каспиі» осы маусымдағы алғашқы ұпайы, алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, мұның алдында қатарынан төрт ойында ұтылып, қарсылас қақпасына бірде-бір гол соға алмағаны үшін бас бапкері кінәлі деп табылып, Қайрат Айманов қызметінен босаған. 

Оның орнына уақытша Нұрбол Қошқарбаев тағайындалған. Кадрлық алмасулар ақтаулықтарға оң әсерін тигізген секілді. Қызылорданың «Байқоңырын» қабылдап, қонақтар қақпасына жауапсыз үш доп соқты.

Бұған дейін турнир кестесінде жеке-дара көш бастап келген «Екібастұз» екінші ойын қатарынан 0:0 есебімен тең түсуде. Өткен турда өз алаңында Шымкенттің «Мақтааралымен» ұпай бөліскен еді, бұл жолы Теміртауда «Шахтер-Болаттың» қақпасынан саңылау таба алмады, өздері де қақпа құлпын берік ұстады.

«Мақтаарал» өз кезегінде бүгін шымкенттік дербиде «Қыранды» тізе бүктірді. Жетісайдағы ойында 3:0 есебімен жеңіп жатқан. Кездесудің аяқталуына жеті минут қалғанда бір доппен жауап қайырған «Қыран» абыройларын сақтап қалды. Кім біледі, егер 35 минутта екі гол соққан Асқар Абутов 39-минутта алаңнан қуылмағанда таблодағы есеп бұдан да ірі болар ма еді...


Теміртауда өткен "Шахтер-Болат" – "Екібастұз" ойыны голсыз аяқталды

5-тур, 8 мамыр

«Қайсар» (Қызылорда) – «Қызыл-Жар» 2:0 (0:0)

Голдар: Марушко, 49 (1:0). Марушко, 55 (2:0).

Ескертулер: Ілиясов 67, Марушко 89 – Жолшорин 33, Тарасов 49.

«Қайсар»: Исламқұлов, Ілиясов, Қалмұратов, Нәрзілдаев, Марочкин, Алтаев, Сахалбаев, Граф, Цуркан, Марушко, Құнов

Резерв: Алтынбеков, Керімжанов, Павинич, Вяткин, Молтусинов, Жахаев, Кейлер, Нүсіп, Рушинас

«Қызыл-Жар СК»: Зәкіров, Гунченко, Султанов, Аверченко, Аитов, Алиев, Бурцев, Жанұзақов, Хичри, Ступич. Струков

Резерв: Волков, Сапарғалиев, Перцух, Соколенко, Макаев, Бегімбай, Калмыков
Төрешілер: Гороховодецкий (Алматы), Қасенов (Астана), Тергеусізов (Алматы)
Қызылорда. Ғ. Мұратбаев стадионы. 2 500 көрермен.

«Бәйтерек» (Астана) – «Алтай» (ШҚО) 0:2 (0:2)

Голдар: Шафф, 24-пен (0:1). Жағыппар, 33 (0:2).

Ескертулер: Сәрсенғалиев 70, Әбдразақов 83, Жақыпбаев 90+2 — Димов 15, Жағыппар 29, Карпович 31

«Бәйтерек»: Черных, Әбдразақов, Гладченко (Оралбай 58), Еркен, Жақыпбаев, Камбил, Құлекенов, Мірсәлімбаев (Мұқанов 60), Сәрсенғалиев, Тайкенов, Тыныбек

Резерв: Хуснадинов, Сайфулин, Сәдіров, Қаламбеков, Алиев, Әбдеш, Мартинкус
«Алтай»: Колбунцов, Жағыппар, Умашев (Нұрғалиев 65), Таңібергенов, Таипов, Карпович (Мұқанов 58), Шафф (Чулагов 51), Димов, Заречный (Шмидт 75), Колодин

Резерв: Щеткин, Ерсәлімов, Қасымов, Халелов, Колбунцов

Төрешілер: Букенов, Ходотчук (екеуі де – Павлодар), Әуелбеков (Шымкент)
Астана. «Астана Арена» стадионы. 100 көрермен

«Каспий» (Ақтау) – «Байқоңыр» (Қызылорда) 3:0 (1:0)

Голдар: Қабылан, 27 (1:0). Елтаев, 73 (2:0). Мусса, 89 (3:0).

Ескертулер: Шевченко 30 – Серік 51, Рүстемов 67.

Қызыл қағаз: Шәлекенов 79

«Каспий»: Аязбаев, Қызылтаев (Елтаев 62), Таңжарықов, Қабылан (Жанысбаев 72), Пасеченко, Коне, Шевченко, Шәлекенов, Утробин, Ескендіров (Арменов 75), Мусса

Резерв: Жақыпов, Ахмеев, Байсаров, Нәбиханов, Алқамбеков, Овчинников

«Байқоңыр»: Тілеуов, Кемаұлы, Рүстемов, Аяжан (Жұмабаев 78), Дүйсембаев, Қарабек, Төлегенов, Төлгенұлы, Эсонов (Серік 28, Картбай 73), Бақытжанұлы, Жолдасов (Пахаев 72)

Резерв: Төребек, Салайдин

Төрешілер: Быстров (Сараң), Якбаров, Серікболов (екеуі де – Семей)

Ақтау. «Жас Қанат» стадионы. 1 000 көрермен. 

«Шахтер-Болат» (Теміртау) – «Екібастұз» 0:0 (0:0)

«Шахтер-Болат»: Ақбұлан, Кәрімов, Жақыпов, Егізбаев, Буртовой, Жолшорин, Тарасов, Федоров, Бернацкий, Алекперзаде, Жүсіпов, Зверев

Резерв: Рақышев, Лунев, Базарнов, Наркескен, Жақыпов, Төлепов, Алексеев, Матаев

«Екібастұз»: Айдарғалиев, Саденко, Чифин, Сүлейменов, Оразалиев, Айменов, Бралин, Жұмкенов, Головешкин, Қуанышев, Мырзабаев

Резерв: Әлібеков, Павленок, Червов, Зейноллин, Нарымбаев

Төрешілер: Гаузер (Петропавл), Талапкеров (Орал), Сысоев (Көкшетау)
Теміртау. «Металлург» стадионы. 300 көрермен.

«Мақтаарал» (Жетісай) – «Қыран» (Шымкент) 3:1 (2:0)

Голдар: Абутов, 30 (1:0). Абутов, 35 (2:0). Рыбалко, 65 (3:0). Ермырзаев, 83 (3:1).
Ескертулер: Мәжитов 76, Азаматов 90+1 – Ермырзаев 34, Жолдасов 37

Қызыл қағаз: Абутов, 39.

«Мақтаарал»: Кувшинов, Балтабаев, Рыбалко (Бақтияров 90+3), Мәжитов, Абутов, Аллашүкіров, Ибраев (Тәжмағамбетов 83), Құлымбетов, Махамбетов (Фильчаков 75) (Азаматов 89), Покатилов, Шубаев

Резерв: Арғымбаев, Әліпбеков, Әріпов, Жақұдаев, Андреев

«Қыран»: Жақсыбайұлы, Жәнібеков (Бөрібай 63), Ахметов (Балтабеков 68), Жолдасов (Жақсыбек 70), Дуплякин, Набиев (Увалиев 78), Ермырзаев, Нохрин, Задорожный, Шәмші

Резерв: Сүлейменов, Миллер, Ахымбеков, Мырза, Сейдахмет

Төрешілер: Чеховский (Астана), Кольев (Павлодар), Конивец (Сараң)

Жетісай. Қ. Мұңайтпасов стадионы. 1000 көрермен.


* "Алтайдың" 9 ұпайы шегерілді

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика