Вернуться к списку статей

Қазақстан футбол федерациясында кім қалды?

Футбол
1K
Қазақстан футбол федерациясында кімдер қалды?
Дәл қазір Қазақстан футбол федерациясынан «кім кетті?» дегеннен гөрі «кім қалды?» деген дұрыс шығар. Президенті Ерлан Қожағапановтың «керемет саясатын» қолдамағандардың барлығы да шетінен арыз жазып, қызметтерінен кетіп жатыр.

Қазақстан футбол федерациясындағы сенімді адамның сөзіне сенсек, Тәртіптік-бақылау комитетінің соңғы отырысынан кейін өз қызметінен ҚФФ-тың Төрешілер департаментінің директоры қызметін атқарушысы Едіген Юмашев те қызметінен кету жайлы арыз жазды. 

Айта кетейік, Едіген Шораұлы да Тәртіптік-бақылау комитетінің мүшесі болатын және «Сорокинді жазалау керек» деп үш матчтық дисквалификацияны қолдағандардың бастысы болған. Бірақ, ҚФФ Президенті Ерлан Қожағапановтың қысымынан кейін, қолын бір сілтеп, қызметінен кету туралы шешім қабылдаған.

Едіген Юмашевтің арызына ҚФФ Баспасөз бөлімінің басшысы Дина Ысқақованың өтініші қосылды. Қолдан ойластырылған ақпаратты сайтқа жариялаудан бас тартқан ол да өз еркімен арыз жазып, қызметтен кеткен.

Сондай-ақ, басшысының саясатымен келіспей қалған Бас хатшы Азамат Айтқожиннің жұмысқа шықпай жүргеніне екі аптадан асты. Оның орнына басқа адамның келгені де толығымен расталып отыр.  

Сонда Қазақстан футбол федерациясында кім қалды? Бүйтіп іштен бүліне бергенше «қан досы» Дмитрий Васильевпен бірігіп, өз алдына отар құрып алмай ма?

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика