Ақтөбедегі diapazon.kz басылымының жариялауынша, «Ақжайық» – «Ақтөбе» кездесуінен соң Юрий Уткульбаев пен Дмитрий Васильев журналистердің сұрақтарын тоспай, баспасөз жиынын өз еріктерімен ерте аяқтаған.
Баспасөз жиыны басында «Ақтөбе» командасының бас бапкері Юрий Уткульбаев:
– Ойын туралы айтудың мәні жоқ, басты мақсатымызды орындай алмадық . Біздің ойыншымыз, ұлттық құрама капитаны (Смақов – авт) жарақаттанып қалды. Қатардан қанша уақытқа шығып қалды, айта алмаймын. Сіздермен біздің мақсатымыз – футболды дамыту, құрту емес. Бірақ мынандай алаңда ойнау – нағыз зиянкестік, – деп орнынан тұрып, команданың бас директоры Дмитрий Васильев екеуі сыртқа шығуға бет алған.
– Менің сұрағым бар. Сіз қалай ойлайсыз, ойынның аяғы қалай өрбіді, «Ақжайық» 10 рет соққы бағыттады ғой, – деген бір журналист.
– Біз сұрақтарға жауап бермейміз, – деген оған Дмитрий Васильев есікке жақындағанында.
– Сізге сұрақ қойылды, оны қайда алып бара жатырсыз, ол ересек адам емес пе, – деген баспасөз жиынына қатысушылар.
Юрий Уткульбаев сәл кідіріп:
– Ойын туралы айтудың мәні жоқ, алаңға байланысты, – деген.
– Дұрысты алаң салыңыздар! – деп дауыс қатқан Дмитрий Васильев есікті сарт еткізіп.
Мұндайды күтпеген Орал журналистері қапаланып, наразы болып қала берген.