«Оқжетпес» «Ордабасыны» жылдам нокаутқа жіберді
«Астана-Арена» стадионында өткен «Оқжетпес» пен «Ордабасы» арасындағы ойын ертеңгі Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд арасындағы айқастан хабар беріп тұрғандай. Бірінші шабуылында-ақ гол соғып, шымкенттіктерді есеңгіреткен көкшеліктер 3-ші минутта потенциалды қонақтарды «нокаутқа» түсірді. Айтпақшы, тағы қақпашының қателігі. Екінші тур аясындағы «Астанаға» қарсы ойында өрескел қателік жіберіп, өз әріптесінің пасын қақпасына жіберіп алған Сергей Бойченконы бүгін тағы да қара басты. Бұл жолы допты тым көп ұстап тұрып қалды да, алдына Жасұлан Молдақараев жетіп барғанда алаңғасарланып, допты қарсыласының аяғына тигізіп алды.
«Оқжетпес» (Көкшетау) – «Ордабасы» (Шымкент) 2:0 (2:0)
Голдар: Чижов, 2. Молдақараев, 3.
Ескертулер: Ристович 12, Куксин 43, Қожамберді 56 — Трайкович , Абдулин 55.
«Оқжетпес»: Стаменкович, Чертов, Чижов (к), Еоне, Нганбе, Ристович (Волков 78), Куксин, Чичулин, Хайруллин, Молдақараев (Юрин 88), Қожамберді (Бөлешев 81)
Резерв: Бабаханов, Алхазов, Тулиев, Жұмаханов, Богданов, Лебедев
«Ордабасы»: Бойченко, Гейнрих (Чатто 72), Диакате, Касалица (Қожабаев 76), Трайкович, Трифунович, Абдулин, Адырбеков, Нұрғалиев (к), Төлебек, Тұңғышбаев (Юнузович 54)
Резерв: Бекбаев, Әшірбеков, Ирисметов, Қайқыбасов, Ерланов, Тәжімбетов
Төрешілер: Измайлов (Талдықорған), Калачев, Лабашов (екеуі де – Атырау)
Астана. «Астана Арена» стадионы. 3 800 көрермен.
«Жетісу» жігерлік танытты
Қостанайдағы ойында да алаң иелері қарқынды бастаған. Қырғызстандық жас шабуылшы Рауль Джалилов соққан екі голдың арқасында «Тобыл» 14-ші минутта-ақ 2:0 есебімен жеңіп жатты. Бірақ екінші таймда тым босаңсып қалып, талдықорғандықтарға есепті теңестіруге мүмкіндік беріп қойды.
– 0:2 есебімен ұтылып жатқан кезде тактика жайлы сөз қозғаудан гөрі футболшылардың намысына тиетін, жігерін жанитын сөздер айтқан жақсы. Үзіліс кезінде футболшылардың еңсесін көтеруге тырыстым. Міне, нәтижесінде, есепті теңестіре алдық, - деп ағынан жарылды ойыннан кейін «Жетісудың» бас бапкері Алмас Құлшынбаев.
«Тобыл» (Қостанай) – «Жетісу» (Талдықорған) 2:2 (2:0)
Голдар: Джалилов, 1 (1:0). Джалилов, 14 (2:0). Савич, 55 (2:1). Тұрысбек, 58 (2:2).
Ескертулер: Джалилов 44 — Савич 5, Кадио 18, Моисов 20, Клайн 87, Шабанов 90+2
«Тобыл»: Логиновский, Дяк, Кассай, Яворский, Главина, Джалилов (Дудченко 60), Досмағамбетов (Н’Диайе 81), Жұмасқалиев (к), Мирошниченко, Мухутдинов, Хижниченко
Резерв: Петухов, Жулпа, Агайсин, Аслан, Левин, Кургулин, Розыбакиев
«Жетісу»: Шабанов (к), Кадио, Клайн, Моисов, Савич, Симоновски (Калинин 46), Сағындықов (Әмірсейітов 73), Әділханов, Шабаев, Тұрысбек, Азовский (Мыңбаев 79)
Резерв: Пасеченко, Джалович, Рудик, Балғабаев, Харун-Заде, Хасанов
Төрешілер: Чесноков (Өскемен), Дерцапф (Орал), Будниченко (Екібастұз)
Затобольск кенті. «Затоболец» стадионы. 2 500 көрермен.
Тараздағы тең ойын
Тараздың Орталық стадионында өткен іш пыстырарлық кездесуде алаң иелері де «Атырау» да гол соға алмай, 90 минут бойы тек алаөкпе болып жүгірді. Тек 70-ші минутта Алексей Мулдаровтың ескерту қағаз алғаны болмаса, матчта бұдан басқа атап өтерліктей еш қызық тіркелмеді. Екі команданың да еншісінде бір-бір ұпайдан. Бірақ тең есеп ешқайсысын да қанағаттандырмағаны анық.
«Тараз» – «Атырау» 0:0
Ескертулер: Мулдаров 70
«Тараз»: Григоренко (к), Данилюк (В.Евстигнеев 72), Мане, Воротников, Баялиев (Қарпық 68), Айтбаев, Сүлей, Байтана, Шахметов, Рымтаев (Бауыржан 61), Нұралы
Резерв: Докич, Қараман, Қаримолла, Тоғызбай, Егембаев, Әбденәби
«Атырау»: Нарзикулов, Дамчевски, Ламанж, Аржанов, Шарпар (Эссаме 46), Трытко (Макась 57), Мулдаров, Кузьмин, Шабалин, Қонысбаев (Куртеян 70), Коробкин (к)
Резерв: Жомартов, Балтаев, Чуреев, Эсатов, Сапаров
Төрешілер: Қарлыбаев (Орал), Советханұлы, Богданов (екеуі де — Семей),
Тараз. Орталық стадион. 3 500 көрермен.
Болгар бапкерлерінің текетіресі
Нағыз футбол Павлодарда өтті. Алаңда «Ертіс» пен «Астана» кездескен. Екеуі де турнир кестесінің көшбасшылары. Екеуін де болгар бапкерлері баптайды. Ал гол екінші минутта-ақ соғылды. Өткен маусымнан кейін елордалық командаға қажет болмай қалған Елдос Ахметов алаң иелерін алға шығарған. Бірақ Джордже Деспотович 7-ші минутта-ақ таразы басын теңестіріп кетті. Ойынның 30-минутында Серікжан Мужиков қонақтарды алға шығарғанымен тағы осынша уақыт өткеннен кейін Карлуш Фонсека таблодағы көрсеткішті 2:2-ге жеткізіп, матчты қорытындылады.
«Ертіс» (Павлодар) – «Астана» 2:2 (1:2)
Голдар: Ахметов, 2 (1:0). Деспотович, 7 (1:1). Мужиков, 31 (1:2). Фонсека, 60 (2:2).
Ескертулер: Фрейдгеймас 81, Керла 87, Гогуа 90+2 — Каньяс 44, Бейсебеков 46
«Ертіс»: Лория (к), Гогуа (Фернандес 90+2), Йирсак, Фонсека, Фрейдгеймас, Керла, Джаллоу (Фаль 84), Гетериев, Есімов, Ахметов, Муртазаев
Резерв: Цирин, Сартаков, Алиев, Аяганов, Воменко, Попов, Малый
«Астана»: Эрич (к), Постников, Каньяс, Твумаси, Деспотович (Щеткин 85), Максимович, Аруна (Нөсербаев 63), Бейсебеков, Шомко, Мужиков, Логвиненко
Резерв: Мокин, Гурман, Құлбеков, Шайыхов, Наджарян, Тағыберген
Төрешілер: Вишниченко (Қостанай), Филоненко (Тараз), Виноградов (Петропавл)
Павлодар. Орталық стадион. 9 200 көрермен.
«Шахтердің» алғашқы жеңісі
– Финонченконың голы команданың көңіл-күйін аспандатып жіберді. Осы голдан кейін футболшылардың өздеріне деген сенімдері артып, есепті еселейтін мүмкіндіктері болды, - деп ағынан жарылды ойыннан кейін «Шахтердің» бас бапкері Йозеф Вукушич. Иә, Андрейдің голы әдемі болды. 17-ші минутта әріптесі Мақсат Байжановтың сол қапталдан асырған пасын артық қимыл жасамай, қақпаға дәл тоғытқан капитан командасына осын маусымдағы алғашқы жеңісті әперді.
«Ақжайық» (Орал) – «Шахтер» (Қарағанды) 0:1 (0:1)
Гол: Финонченко, 17.
Ескертулер: Шурыгин 12, Говедарица 79 — Багинский 87
Қызыл қағаз: Николич 84
«Ақжайық»: Қалменов, Говедарица (к), Колуния, Ортиз, Николич, Хромцов (Бегалин 54), Мальцев, Омаров, Сергиенко (Антипов 76), Хаиров, Шурыгин (Валиуллин 64)
Резерв: Багаутдинов, Әбдрахманов, Сапанов, Сәрсекенов, Шевцов, Гридин
«Шахтер»: Багинский, Уббинк, Арзуманян, Садовничий, Сзоке, Зенели (Ягуби 68), Горячий (Нұрыбеков 63), Ермеков, Финонченко (к) (Тәттібаев 88), Байжанов, Скорых
Резерв: Ткачук, Дубков, Ветров, Васильев
Төрешілер: Дузмамбетов (Өскемен), Павлов (Алматы), Тасыбаев (Павлодар)
Орал. «Акжайык» стадионы. 1 500 көрермен.
Аршавин мен Тимощуктің Қазақстандағы алғашқы голдары
Міне, нағыз «Қайрат» осындай болса керек. Бағзы бәсекелесі «Ақтөбені» қабылдаған алматылықтар қонақтардың қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Алдымен Маркович есеп ашса, үзіліске бір минут қалғанда Жерар Гоудың пасынан кейін Андрей Аршавин Қазақстан чемпионатындағы алғашқы голын соқты. Ал ойынның қосымша уақыты өтіп жатқанда Тимощуктің әлсіз соққысы қорғаушылардың біріне тиіп серпіліп, «Ақтөбе» қақпашысы Самат Отарбаевты тақырға отырғызып кетті. Айтпақшы, айтпай кетуге болмайтын нәрсе осы голдың алдында ғана тіркелген. «Қайрат» қақпасына бұрыштама соққысы орындалар сәтте «ақтөбелік» Егор Сорокин мен қайраттық Жарко Марковичтің аперкотпен етпетінен түсірді. Бас төреші байқаған жоқ. Әйтпесе, Сорокиннің әлгі әрекеті қызыл қағазға ғана емес, бес-алты матчтық дисквалификацияға да лайық еді.
Голдар: Маркович, 42. Аршавин, 44. Тимощук, 90+2.
Ескертулер: Аршавин 53 — Қайыров 17
Қызыл қағаз: Қайыров 90+4.
«Қайрат»: Плотников, Исаэль (Лунин 88), Гоу (Тавамба 60), Тимощук, Маркович, Аршавин (Қуат 70), Тесак, Бакаев, Исламхан (к), Қуантаев, Рудосельский
Резерв: Сидельников, Дарабаев, Ли, Дайыров, Райымбек, Вороговский
«Ақтөбе»: Отарбаев, Петролай (к), Сорокин, Цвейба, Ситдиков, Борчаров, Азовский, Қайыров, Кәкімов (Тілешев 66), Крюков (Жалмұқан 46), Жаңғылышбай (Михалев 50)
Резерв: Павлов, Смақов
Төрешілер: Алешин (Павлодар), Панин (Қостанай), Попов (Өскемен)
Алматы. Орталық стадион. 13 000 көрермен.
Бұл тур биылғы Премьер-лигадағы ең көп көрермен жинаған тур болды. Алматыдағы кездесуді стадионнан 13 000 көрермен тамашаласа, Павлодарда 9 200 жанкүйер тіркеліпті. Жалпы, алты ойынды трибунадан 33 500 көрермен тамашалаған. Салыстырмалы түрде айта кетейік, бұл тұрғыда биылғы рекорд (30 700) 5-турға тиесілі болатын.