Биыл УЕФА туы астындағы халықаралық турнирде Қазақстан, Украина, Македония және Люксембург бозбалалары бақ сынайтынын жазғанбыз. Кеше кешкісін бірінші күнгі ойындар өтті.
Әуелі Украина U-17 құрамасы Люксембургтан келген құрдастарын 2:1 есебімен жеңді. Содан кейін жасыл алаңға алаң иелері мен Қазақстан жеткіншектері шықты.
Македония мен Қазақстан бозбалалары арасындағы матчта есеп ашылмай, 0:0 есебімен аяқталды. Ал матчтан кейінгі пенальти соғу сайысында алаң иелері 4:3 есебімен басым түсті.
Бқл ойында Александр Кузнецов жаттықтыратын Қазақстан U-17 құрамасы мына құрамда өнер көрсетті:
Устименко, Қашкен (Шәмші 41), Сағи, Әйтім, Ілиясов, Махан, Кеңесов (Ульшин, 41), Скворцов (Сейдахмет, 41), Сағынаев, Жақыпбаев, Красноперов (Қайыркенов 41).
Сонымен, бірінші күнгі ойындардан соң Украина ұландары үш ұпаймен көш бастады. Македония жеткіншектері екі ұпаймен екінші орынға жайғаса, Қазақстан қырандары бір ұпаймен әзірше үшінші орында тұр. Көш соңында – Люксембург жасөспірімдері (0 ұпай).