Вернуться к списку статей

Какау әлемнің ең үздік бас бапкері атағынан үміткерлер қатарында

Футбол
1K
Фото uefa.com сайтынан
Футзалдан Алматының «Қайраты» мен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері әлемнің үздік жаттықтырушысы номинациясында таңдаулы мамандар тізіміне ілікті.

Futsalplanet басылымының осымен 16-шы рет өткізіп отырған сауалнамасы одан әрі жалғасуда. Бүгін әлемнің үздік бас бапкері атағынан үміткер мамандар тізімі жарияланды. Олардың арасында «Қайраты» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының ойын өрнегін түлеткен бразилиялық Какау да бар.

Какау Қазақстанға келіп, бағы ашылды. Биыл ақпан айында Сербияда өткен Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасымен қола медаль олжалап, тарихи жетістікке қол жеткізген болатын. «Қайратпен» Еуропада да топ жарды.

Жалпы, futsalplanet.com сайтында жарияланған тізімге мына бас бапкерлер енгізілген:

Какау (Қазақстан құрамасы), Diego Raúl Giustozzi (Аргентина құрамасы), Олександр Косенко (Украина құрамасы), Евгений Кузьмин (әйелдер арасындағы Ресей құрамасы), Мохаммед Наземошариа (Иран құрамасы), Wilson Sabóia (әйелдер арасындағы Бразилия, құрамасы), Sergio Luiz Schiochet "Serginho" (Бразилия құрамасы), Сито Ривера (Венгрия құрамасы), Фаустино "Тино" Перес (Әзірбайжан құрамасы), Хосе Венансио Лопес (Испания құрамасы).

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы futsalplanet басылымының «әлемдегі ең үздік құрама» атағынан үміткер командалар тізіміне іліккен болатын.

Сондай-ақ «Қайрат» және Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Игита «әлемнің ең үздік голкипері» номинациясы бойынша таңдаулылар қатарына енген.

Енді осы үш номинацияның кем дегенде біреуінде Қазақстан ұлттық құрамасының (немесе бас бапкерінің, не болмаса қақпашысының) бағы жанатын шығар. Соған тілектеспіз.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика