Болгар бапкері Станимир Стойловтың «Астанасы» өз алаңында «Таразды» қабылдаған. Бірінші таймда елордалықтар қанша шабуылдағанымен қонақтар қақпасының кілтін таба алмай әлек болды. Тек команда капитаны Таңат Нөсербаевтың жеке шеберлігінің арқасында ғана «Астана» 21-ші минутта есепте алға шықты. Бұдан кейін де Стойлов шәкірттерінде гол соғатын талай мүмкіндік болған. Бірақ «Тараз» қақпашысы Александр Григоренко алдына келген доптың барлығын қайтарып жатты. Екінші тайм да алаң иелерінің толассыз шабуылымен басталғанымен Нұрмат Мырзабаев шәкірттері 49-шы минутта-ақ таразы басын теңестіре алды. Қорғаушылардан сытылып шығып кеткен Игорь Зенькович Ненад Эричпен жеке-дара қалып, қақпаның оң жақ бұрышын дәл көздеді. Дегенмен ойынның аяқталуына 10 минуттай қалғанда Дмитрий Шомко екі қорғаушыны қатар алдап өтіп, қақпашыны да тақыр отырғызып кетті. Қорытынды есеп – 2:1, чемпионатты тамаша бастаған «Астана» әлі бірде-бір ұпай жоғалтқан жоқ.
Тағы бір болгар бапкері жаттықтыратын «Ертіс» алаң таңдамайтын команда екенін дәлелдеуде. Екі таймда бір-бір голдан соққан Димитар Димитров шәкірттері бұл жолы Теміртауда Қарағандының «Шахтерін» тізе бүктірді. Алдымен 27-ші минутта Георгас Фрейдгеймас қақпаға допты баспен дәл тоғытса, екінші таймның 13-ші минутында босниялық Семир Керла айып добын әдемі орындап, таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді. Осылайша павлодарлық команда төртінші жеңісіне қол жеткізіп, «Астанамен» бірге көш бастаса, «Ертіс» қақпашысы Давид Лория 410 минут бойы қақпасын құрғақ ұстауда. Ал Қазақстан чемпионатының тарихында қақпасын құрғақ ұстау жөнінен рекорд Сергей Бойченкоға тиесілі. 2005-2006 жылдары «Қайрат» футбол клубының намысын қорғаған Бойченко қақпасына 921 минут бойы гол жібермеген.
Дәл осындай есеппен Көкшетаудың «Оқжетпесі» де түзде Оралдың «Ақжайығын» тізе бүктірді. Өмірі қартаймайтын Әлібек Бөлешов 25-минутта есеп ашса, ойын аяқталар тұста сербиялық легионер Ристо Ристович қонақтардың шешуші добын соғып кетті. Жалпы, «Оқжетпес» биыл да маусымды сәтті бастады. Естеріңізге сала кетейік, былтыр дәл осы уақытта Владимир Мухановтың командасы турнир кестесінде 2-орында тұрған болатын. Алайда чемпионаттың ортасына таман сәтсіздікке ұшырап, Премьер-лиганы небәрі 8-орынмен тәмамдады.
Ал Алматының «Қайраты» осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін үш турдың үшеуінде де тең түскен алматылықтар бас бапкері Александр Бородюкті қызметінен босатып, орнына грузиялық маман Кахабер Цхададзенің тағайындаған. Бірақ мұнайшылар елінде өткен ойын да оңтүстік астаналық команда үшін оңай болған жоқ. Тек 58-ші минутта Жерар Гоу айып алаңының сыртынан допты қабылдап, қақпаға дәл қадады. Ойыннан кейін Цхададзе бапкер бұл жеңістің психологиялық тұрғыда маңызы зор екенін атап өтіп, енді осы жеңістен кейін қатарынан бірнеше ойында ұтыс болатынына сенім білдірді.
Өз алаңындағы ойынын «Астана-Арена» стадионында өткізген «Ақтөбе» де осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Юрий Уткульбаев шәкірттері Талдықорғанның «Жетісу» футбол клубын қонақ етіп, 3:2 есебімен тізе бүктірді. Алдымен «мәңгілік капитан» Самат Смақов айып добын әдемі орындап, «Ақтөбені» алға шығарса, бірінші таймның 25-минутында Никита Бочаров таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді. Дегенмен, екінші таймда «Жетісудың» шабуылы күшейіп, чех қорғаушысы Мартин Кляйн таразы басын қысқарта алды. Осыдан кейін талдықорғандықтардың шабуылы тіптен күшейіп, есепті теңестіруге шақ қалған. Бірақ екінші таймның белортасында алаңға шыққан Тоқтар Жаңғылышбай «алаң иелерінің» үшінші голын соғып кетті. Ал Душан Савичтің 89-минутта соққан голы «Жетісуды» жеңілістен құтқара алмады.
Тартысқа толы шытырманды ойынның бірі Шымкентте өтті. Бұл турда Бақтияр Байсейітовтің шәкірттері Қостанайдың «Тобылын» қабылдаған. 5-минутта-ақ Мардан Төлебек айып добын тамаша орындап, «Ордабасыны» алға шығарған. Бірақ қуаныштары ұзаққа созылмады. Бірінші тайм ортасына тақағанда Денис Главинаның пасын ұтымды пайдаланған Томаш Шимкович таразы басын теңестіріп кетті. Үзіліске он минут қалғанда «Ордабасы» бір ойыншысынан айрылды. Қызыл қағаз алған Гафуржан Сүйімбаев алаңнан қуылып тынған еді. Бірақ бұдан шымкенттіктер әлсіреп қалған жоқ. Керісінше күшейе түсті де, екінші таймның 66-шы минутында Азат Нұрғалиевтің айып соққысынан кейін Абдулаи Диакате алаң иелерін алға шығарды. Алайда қостанайлықтардың капитаны Нұрбол Жұмасқалиев ойын аяқталуға тақағанда «Тобылды» жеңілістен құтқарып қалды. Қорытынды есеп – 2:2.
Премьер-лига, 4-тур (9 сәуір)
«Ордабасы» — «Тобыл» 2:2 (1:1)
Голдар: Төлебек, 5 (1:0). Шимкович, 22 (1:1). Диакате, 66 (2:1). Жұмасқалиев, 90+3 (2:2).
Ескертулер: Нұрғалиев 35, Сүйімбаев 37, Қожабаев 84, Диакате 88 — Мухутдинов 57
Қызыл қағаз: Сүйімбаев 37.
«Ордабасы»: Бойченко, Диакате, Чатто, Касалица (Қожабаев 72), Симчевич, Трайкович, Юнузович, Абдулин, Нұрғалиев (к) (Гейнрих 85), Сүйімбаев, Төлебек (Әшірбеков 90+2)
Резерв: Бекбаев, Бейсенов, Ирисметов, Мухтаров, Қайқыбасов, Тәжімбетов, Пазылхан
«Тобыл»: Логиновский, Дяк, Кассай, Шимкович (к), Яворский, Главина (Н’Диайе 83), Дмитренко, Досмағамбетов (Дудченко 74), Мирошниченко, Мухутдинов (Жұмасқалиев 60), Хижниченко
Резерв: Бусурманов, Джалилов, Левин, Кургулин, Розыбакиев, Эльмурзаев
Төрешілер: Антонов (Павлодар), Шәріпов (Атырау), Попов (Өскемен).
Шымкент. Қажымұқан стадионы. 3 000 көрермен.
«Атырау» — «Қайрат» 0:1 (0:0)
Гол: Гоу, 58.
Ескертулер: Рудосельский 69, Ли 78.
«Атырау»: Нәрзіқұлов (к), Ламанж, Эссаме, Аржанов, Куртян, Трытко (Макась 70), Балтаев (Эсатов 46), Мулдаров, Чуреев, Қонысбаев (Шабалин 32), Коробкин
Резерв: Дамчевски, Шарпар, Сапаров
«Қайрат»: Плотников, Гоу (Тавамба 89), Тимощук, Маркович, Рудосельский, Аршавин (Қуат 74), Тесак, Бакаев, Исламхан (к), Қуантаев, Ли (Дарабаев 87)
Резерв: Сидельников, Дайыров, Райымбек, Вороговский
Төрешілер: Ысқақов (Астана), Тасыбаев (Павлодар), Филоненко (Тараз)
Атырау. «Судоремонтник» стадионы. 1 500 көрермен.
«Астана» — «Тараз» 2:1 (1:0)
Голдар: Нөсербаев, 21 (1:0). Зенькович, 48 (1:1). Шомко, 81 (2:1).
Ескертулер: Каньяс 90+2 — Баялиев 56, Қараман 70.
«Астана»: Эрич, Аничич, Постников, Логвиненко Шомко, Максимович, Мужиков (Тағыберген 89), Каньяс, Деспотович (Щеткин 78), Нөсербаев (к) (Абдурахими 83), Твумаси
Резерв: Мокин, Наджарян, Гурман, Бейсебеков, Жақыпбаев, Шайыхов
«Тараз»: Григоренко (к), Данилюк (Әбденәби 87), Мера, Айтбаев, Қараман, Әмірханов, Баялиев (Нұралы 78), Сүлей, Шахметов, Зенькович (Воротников 82), Мане
Резерв: Джокич, Д. Евстигнеев, В. Евстигнеев, Рымтаев, Қарпық, Қаримолла
Төрешілер: Тевяшов (Орал), Попов (Павлодар), Будниченко (Екібастұз)
Астана. «Астана Арена» стадионы. 2 358 көрермен.
«Ақжайық» — «Оқжетпес» 0:2 (0:1)
Голдар: Бөлешев, 25 (0:1). Ристович, 90+3 (0:2).
Ескертулер: Николич 43, Говедарица 52, Коробов 71 — Қожамберді 65, Еоне 78, Молдақараев 82.
«Ақжайық»: Багаутдинов, Говедарица (К), Колуния, Иртиз, Николич, Хромцов (Бегалин 30), Валиуллин, Сергиенко (Забродин 58), Тапалов, Гридин (Мальцев 68), Коробов
Резерв: Қалменов, Антипов, Омаров, Сапанов, Шевцов, Шурыгин
«Оқжетпес»: Стаменкович, Чертов, Чижов, Еоне, Волков, Нганбе (Ристович 85), Куксин, Мангуткин, Хайруллин (Жұмаханов 90+1), Бөлешев (к) (Молдақараев 80), Қожамберді
Резерв: Бабаханов, Алхазов, Түлиев, Богданов, Лебедев
Төрешілер: Қумашев (Астана) Журавлев (Павлодар), Богданов (Семей)
Орал. «Ақжайық» стадионы. 2 500 көрермен.
«Шахтер» — «Ертіс» 0:2 (0:1)
Голдар: Фрейдгеймас, 26 (0:1). Керла, 58 (0:2).
Ескертулер: Байжанов 51, Сзоке 54, Садовничий 90+1 — Фонсека 70
«Шахтер»: Багинский, Уббинк (Тәттібаев 81), Арзуманян, Садовничий, Сзоке, Ягуби (Нұрыбеков 60), Габышев, Ветров (Зенели 46), Пикалкин, Финонченко (к), Байжанов
Резерв: Ткачук, Горячий, Дубков, Ермеков Өміртаев, Скорых
«Ертіс»: Лория (к), Гогуа (Попов 90+2), Йирсак, Фонсека (Фернандес 74), Фрейдгеймас, Керла, Джаллоу (Фалль 80), Гетериев, Ахметов, Муртазаев, Малый
Резерв: Цирин, Сартаков, Алиев, Есімов, Аяғанов, Воменко
Төрешілер: Чесноков (Өскемен), Шабанов (Алматы), Попов (Астана)
Теміртау. «Металлург» стадионы. 1 000 көрермен.