Вернуться к списку статей

Хоккейден әлем чемпионаты Қазақстан үшін сәтті басталды

Хоккей
8K
QHF
Шайбалы хоккейден әлем чемпионатының элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы алғашқы матчын өткізді.

В тобында ойнайтын Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері Франциямен кездесті. Күтпеген жерден 2-минутта қорғаушы Энцо Кантагалло есеп ашып, Францияны алға шығарды. Дегенмен, Қазақстан хоккейшілері таразы басын тез теңестірді. Мергендік танытқан – капитан Роман Старченко. Ал, үзіліске дейін Максим Мухаметов командасын алға шығарды.

Екінші кезеңде Кирилл Савицкий есепті 3:1-ге жеткізген. Матч осы есеппен аяқталды. Ойыннан кейін Франция құрамасының бас бапкері Филипп Бозон пікір білдірді.
 
«Біз жаман жұмыс істедік дей алмаймын. Тіпті, қарсыласқа қарағанда үздік болған секілдіміз. Бұл спорт. Мұндай матчта гол соғу керек. Сондықтан шағымдану орынсыз. Ал негізі екінші және үшінші кезеңде басым болдық. Өкінішке қарай, екінші 20-минуттықтың соңғы жағында шайба жіберіп алдық. Енді келесі ойынға дайындаламыз. Басқа амал жоқ. Әрбір кездесуде жарақатқа байланысты хоккейшілерімізден айырылып жатырмыз», -дейді Бозон.

Франция – Қазақстан – 1:3 (1:2; 0:1; 0:0)

Шайба:

1:0 - Кантагалло (Будон, Рех) - 02:00
1:1 - Старченко (Рымарев) - 03:06
1:2 - Мухаметов (Орехов, Савицкий) - 07:30
1:3 - Савицкий - 37:47

Қақпашылар: Юлёнен – Шутов.

Енді біздің құрама Словакиямен кездеседі.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтеді.
Қазақстан құрамасы В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түседі.
Яндекс.Метрика