Вернуться к списку статей

Жылына 325 млн теңге. «Барыс» хоккейшілерінің жалақысы Мәжілісте айтылды

Хоккей
204

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы кеше төменгі палатаның отырысында «Барыс» хоккейшілерінің жалақысын айтты.

Мәжілісте бұқаралық және балалар спортын дамыту мәселесіне арналған жиын өткен.

«Қоғам осы күнге дейін спортқа қанша қаржы бөлінетінін білмейді. Менің келтірген деректерімді үлкен шокпен қабылдады. Мұның бәрі спортта ашықтықтың жоқтығын көрсетеді. Осы ретте легионерлерге бөлініп жатқан қаржыны айтайын. Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын Астананың «Барысының» 2023-2024 жылғы жалақы ведомствосы мынандай: Мысалы, бірінші орында «Барыстың» ойыншысы Эдуард Паскуале деген легионеріміз бір маусымға 65 млн рубль алады екен. Біздің ақшамен 325 миллион теңге. Екінші орындар бойынша Алекс Грант деген легионер 58 миллион рубль алады. Үшінші орындағы Нельсон Ножье деген легионер 35 миллион рубль алады. Сол Нельсон Ножье 2022-2023 жылы 18 миллион рубль алған, енді 35 миллион рубльге айлығы өсіп кеткен. «Барыстағы» ең көп жалақы алатын 29 спортшының алғашқы орындағы тоғызы – легионер», – дейді Нартай Аралбайұлы.

12801

Ол жалпы «Барыс» хоккей клубының бір жылдағы жалақысына 486 миллион рубль кететінін атап өтті.

«Бұл біздің ақшаға шаққанда 2,5 миллиард теңге. Біздегі әлеуметтік жағдаймен қараған кезде бұл әділетті ме? Осындай қымбат легионер жалпы бізге керек пе? 2,5 миллиард теңгені біз тек айлық ретінде хоккейге беруіміз керек пе? Бұл хоккейшілердің маусымдағы салған шайбасы мен ұпай алған ойындары үшін берілетін бонустарды қоспағандағы сандар. Осынша хоккейшілерді ұстайтындай біз бай мемлекет емеспіз ғой. Бұл ақпарат жалған десеңіздер, оны айтыңыздар», – деді депутат.

Жиынға қатысқан Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәжілісменнің айтқанымен келісетінін жеткізді.

«Болашақта легионерлердің санын қысқартамыз. БАҚ бетінде жазылып жүрген жалақы шындыққа сай келеді. Бұл «Барыс» клубының төлеп отырға айлығы. Бұл енді саяси мәселе», - деді вице-министр.

12802

«Спорт экспресс» тізген «Барыс» ойыншыларының жалақысы мынандай:

Эдвард Паскуале (Канада) — 315 млн (+14 млн) / 712 мың (өткен маусыммен салыстырғанда +32 мың);
Алекс Гранд (Канада) — 281 млн (+63 млн) / 635 мың (+142 мың);
Майкл Шапю (Канада) — 203 млн (+77 млн) / 460 мың (+176 мың);
Джереми Бракко (АҚШ) — 174 млн (+53 млн) / 394 мың (+120 мың);
Давид Скленичка (Чехия) — 169 млн / 383 мың;
Нельсон Ножье (Канада) — 168 млн (+82 млн) / 381 мың (+185 мың);
Понтус Оберг (Швеция) — 164 млн / 372 мың;
Иван Мищенко (Ресей) — 145 млн (+48 млн) / 328 мың (+109 мың);
Роман Старченко (Қазақстан) — 91 млн (минус 24 млн) / 207 мың (минус 54 мың);
Әлихан Әсетов (Қазақстан) — 48 млн (+4 млн) / 109 мың (+10 мың);
Самат Данияр (Қазақстан) — 33 млн (+9 млн) / 76 мың (+21 мың);
Дмитрий Гурков (Қазақстан) — 29 млн (+9 млн) / 65 мың (+21 мың);
Аркадий Шестаков (Қазақстан) — 29 млн (-) / 65 мың (-);
Андрей Шутов (Қазақстан) — 19 млн (-) / 43 мың (-).

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика