→
Подписаться на RSS
Спорт Жаңалықтары

16-10-2024
Сегіз ойынға жалғасқан жеңіссіз серия
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы қатарынан сегізінші ойында жеңіске жете алмады. Станислав Черчесов шәкірттері өткен аптада Алматыда Ұлттар лигасы аясында Словения футболшыларымен кездесіп, Балқан түбегі елінің өкілдеріне тағы да жеңіліп қалды.

15-10-2024
25 жасқа дейінгі ТОП-5 отандық кәсіпқой боксшылар
Назарларыңызға BoxRec нұсқасы бойынша еліміздегі 25 жасқа дейінгі ТОП-5 боксшыны ұсынамыз. Бір айта кетерлігі, сол рейтингтің көшін жуырда Irfin Promotions ұйымдастырған бокс кешінде өнер көрсеткен екі боксшы бастап тұр.

11-10-2024
Қазақстан құрамасы сырт алаңда Аустриядан ірі есеппен жеңілді
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы UEFA Ұлттар лигасы аясындағы кезекті тур ойынын өткізді. В дивизионында сынға түсіп жатқан Станислав Черчесов шәкірттері 3-турда сырт алаңда Аустрия құрамасымен кездесіп, қарсыластарынан ірі есеппен жеңіліп қалды.

09-10-2024
«Ұлытау» алғаш рет бірінші лигада көш бастады
Осы жолы QFL Бірінші лигасының 27-ші тур ойындарында көшбасшы ауысты. Алғаш рет Жезқазғанның «Ұлытау» клубы бірінші орынға көтерілді.

05-10-2024
«Елімай» жеңіліп, «Ордабасы» көш бастады
Футболдан Қазақстан преьмер-лигасының 22-туры аяқталды. Бұл жолы күтпеген жерден «Елімай» жеңіліп, «Ордабасы» көш бастады.

03-10-2024
Футзал: Португалияны жеңгенімізбен, Аргентина адымымызды аштырмады
Қазақстан құрамасы жаһандық доданы сәтті бастағанымен, ширек финалда аяқтауға мәжбүр болды. 1/8 финалда біздің жігіттер 2021 жылғы әлем чемпиондары – Португалия құрамасын 2:1 есебімен жеңгенімен, ¼ финалда 2016 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы Аргентинада айласын асыра алмады.

30-09-2024
16 жылдан кейін «Ақтөбе» Қазақстан кубогына ие болды
QFL Қазақстан кубогының 2024 жылғы маусымы аяқталды. Финала «Ақтөбе» клубы «Атыраумен» кездесті.Ойын Алматының Орталық стадионында өтті.

29-09-2024
Саматәлі Төлтаев: Қарсыласымды нокаутқа жіберемін деген жоспар болды
Алматыдағы Sadu Arena кешенінде Irfin Promotions промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен халықаралық кәсіпқой бокс кеші өтті. Аталған бокс кешінде бірнеше отандасымыз өнер көрсетіп, барлығы да жергілікті жанкүйерлерді жарқын жеңістерімен қуантты. Солардың қатырында әуесқой бокста бірталай жетістікке жетіп, биылдан бастап кәсіпқой бокста өнер көрсете бастаған Саматәлі Төлтаев та бар.

27-09-2024
«Елімай» премьер-лигада көш бастады
Қазақстан преьмер-лигасының 21-турының қорытындысы бойынша «Елімай» көш басына шықты. Дегенмен ойналмаған матчтарын ескерсек, «Ордабасы» мен «Астананың» алға шығатын мүмкіндігі бар.

26-09-2024
Әділет Құрметов: Физикалық тұрғыда қиындық болған жоқ
21 қыркүйек күні Алмат ыдағы Sadu Arena кешенінде Irfin Promotions промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен халықаралық кәсіпқой бокс кеші өтті. Аталған бокс кешінде бірнеше отандасымыз өнер көрсетіп, барлығы да жергілікті жанкүйерлерді жарқын жеңістерімен қуантты. Солардың қатарында биылдан бастап кәсіпқой боксқа ден қоя бастаған Шығыс Қазақстанның тумасы Әділет Құрметов те бар.