→
Подписаться на RSS
Спорт Жаңалықтары

16-01-2025
Станислав Черчесов: Сынайтындар әрқашан табылады
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов тілшілерге көлемді сұхбат берді. Ол әңгіме барысында алдағы жоспары мен легионерлерге қатысты пікір білдірді.

06-01-2025
ПСЖ мен «Сити» қызыққан өзбекстандық футболшы туралы не білеміз?
Футболдан Өзбекстан құрамасының және «Ланс» (Франция) клубының қорғаушысы Абдукодир Хусанов туралы инсайд ақпараттар толастар емес. 20 жастағы футболшыға «Манчестер Сити» мен ПСЖ қызығып жатқан көрінеді. Бұл туралы ақпаратты басқа-басқа емес, әйгілі инсайдер Фабрицио Романо жазыпты. Мбаппенің «Реалға» қашан келетінін дәл анықтаған Романоның қателесетін кезі сирек. Ендеше Фабрицио айтса, сөзінің жаны бар. Осы ретте Хусанов деген кім? Ол қалай жарқ ете қалды деген сұраққа жауап іздеп көрмекпіз.

28-12-2024
2024 жылы қазақ спорты несімен есте қалды?
Тағы бір жыл тарих қойнауына еніп барады. Жеңіс пен жеңіліс, сенім мен сәтсіздік, қуаныш пен өкініш қатар жүретін спорт әлеміндегі тарихи оқиғаларды саралап, спортшылардың жеткен жетістіктерін қорытындылайтын сәт келді. Жеңіске жетіп, еліміздің көк Туын желбіреткендер де аз емес. Париж Олимпиадасында отандастарымыз алтыннан тыс қалған тұста өкінген кездеріміз де жоқ емес. Олардың барлығын тізіп шығу әсте мүмкін болмас, десек те, негізгілеріне тоқталмақпыз.

18-12-2024
FIFA: Винисиус Жуниор жылдың үздік ойыншысы атанды
Катар астанасы Дохада The Best FIFA Football Awards 2024 сыйлығын табыстау рәсімі өтті.

14-12-2024
Футболдан Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды
Швейцарияның Цюрих қаласында 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті.

04-12-2024
Жан Әли Пайруз: Әр ойында алаңға не гол соғу, не нәтижелі пас беру үшін шығуым қажет
Биыл Қарағандының «Шахтер» клубы премьер-лигада алғаш рет соңғы орында қалып, төменгі топқа түсіп қалды. Есесіне Қарағанды футболының талантты ойыншылары өзге клубтардың сапында жарқырап ойнады. Солардың бірі – Жан Әли Пайруз. Ол өзі туралы кеңірек таныстырып, алдағы жоспарларымен таныстырды.

29-11-2024
Темірлан Анарбеков: Ұлттық құраманың негізгі қақпашысы болғым келеді
Темірлан Анарбеков Қазақстан чемпионатының өткен маусымының жарқ етіп, сенімді ойынымен көзге түскен қақпашының бірі болды. Соның нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды. ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында Темірлан мансабын қалай бастағанын, «Қайраттың» академиясына қалай түскені және «Жеңіс» сапындағы ойыны жайлы айтып берді.

24-11-2024
«Астана» Лига кубогының алғашқы жеңімпазы атанды
Түркістан қаласында «Түркістан Арена» стадионында Қазақстан лига кубогының алғашқы жеңімпазы анықталды.

16-11-2024
Биылға ештеңе жоқ. Станислав Черчесов шәкірттері тағы жеңілді
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының кезекті турында Алматыда Аустриядан 0:2 есебімен жеңілді.

13-11-2024
«Қайрат» Қазақстанның төрт дүркін чемпионы атанды
Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 2024 жылғы маусымы аяқталды. Биыл чемпиондық 70 жылдық мерейтойын атап өткен Алматының «Қайрат» клубына бұйырды.