Вернуться к списку статей

Чемпион болғанда құдайдан «Неге мен» деп сұрамадым, енді айықпас дерт бергенде де «Неге мен» деп сұрауым керек

Теннис
182

Бүгін оқырмандарға Американың атақты теннисшілерінің бірі, «Үлкен дулыға» санатындағы» турнирдің екі дүркін чемпионыАртур Эшті таныстырмақшымыз. Бұл спортшының басқалардан өзіндік ерекшілігі бар.

Ол бұл әлемде 50 жылда өмір сүре алмады. Бар-жоғы 49 жасында дүниеден өтті. Эш корттағы қарсыластарын оңай жеңді, афроамеркандықтардың құқығын батыл қорғай білді. Сол үшін түрмеге де түсті. Теннистегі «Үлкен дулыға» санатындағы турнирді жеңген алғашқы және әзірге жалғыз қара нәсілді спортшы. Бірақ өкініштісі аса ауыр дертті жеңе алмады...

ЖИДС-пен (СПИД) ауырған кезде де Эш әлеуметтік және білім беру іс-шараларына айналысуын тоқтатқан емес. Шәкірттерінің бірі ұстазына жаны ашып мынандай сауал қойған екен: «Артур, неліктен құдай неге осыншалықты сізге әділетсіздік танытты?» Мол кезде оның жауабы да ұтымды шығыпты: Әлемде 50 миллион бала теннис ойнауды бастайды, соның ішінде 500 мыңы әріқарай жалғастырады, ал турнирлерге тек 50 мыңы ғана қатысады. Ал «Уимблдон» секілді «Үлкен дулыға» санатындағы жарыстарға бақ сынауға 50 адамның ғана жолы болады, ширек финалға – 8, жартылай финалға – 4, ал финалға тек екеуі өтеді... Мен осы додалардың басты титулын жеңіп алған кезде құдайдан «Неге мен?» деп сұраған жоқпын ғой, ендеше қазір де ондай сауалға қоюуға қақым жоқ!», – деп жауап беріпті.

Алғашқы қадамдар

Эш 1943 жылы Вирджиния астанасы Ричмонд қаласында қара нәсілді жұмысшылардың отбасында дүниеге келген. Осыдан 80 жыл бұрын Америкадағы азаматтық соғыстың қызып тұрған басты орталықтарының бірі болған. Ол анасы қайтыс болғаннан кейін жеті жасында үйінің қасындағы саябақта тенниспен айналысуды бастайды. Артур бапкерден жолы боғлан адам. Өткен ғасырдың 50-жылдарының соңында жасөспірімдер арасындағы ұлттық чемпионатты жеңіп алады. Ал 60-жылдардың басында жасөспірімдер арасындағы жабық кешендегі ел чемпионатында топ жарған алғашқы афроамерикандық теннисші атанады. Осы табысынан кейін Лос-Анджелестегі Калифорния университетіне (UCLA, әлемдегі ең атақты университеттерінің бірі) стипендиямен қабылданды. Сөйтіп, Эш Дэвис кубогына қатысу үшін АҚШ құрамасына шақырылады. Оған дейін қара нәсілді ойыншылар құрамаға алынбаған. Айына 220 доллар стипендия да төленеді. 1966 жылы отбасында алғаш болып, жоғары білім алып шығады (бизнесті басқару мамандығы бойынша).

Әскерден чемпиондыққа дейін

1966 жылы Эш отан алдындағы борышын өтеу үшін әскер қатарына аттанады. «Әскери борышын өтеуге келгендермен айналысатын лейтенатын менің сөмкемдегі теннис ракеткасын көріп таңқалды. «Әй бала, бұл таяқ неменеге өзіңмен бірге ұстап жүрсің», – деп сұрады. «Мен мұны ұстауды винтовкадан артық меңгеріп қалдым», – деп жауап бердім деп еске алады Эш әскердегі күндерін еске түсіргенде.

Арада 2 жыл өткенде кіші лейтенант ЭШ «Үлкен дулыға» санатындағы US Open турниріне қатысады. Айтпақшы, бұл жарыс сол кезде алғаш рет Нью-Йорк қаласында өтеді. Қатысушылар екі топқа бөлінген: бір тобы кәсіпқойлар, екіншісі әуесқойлар. Артур екі топқа қосылды. 22 жастағы теннисші фавориттердің біразын жеңіп, финалға шығады. Шешуші кезеңде онымен Том Оккер кездеседі. Бес сеттік матчта ЭШ жеңіске жетті. Марапат үшін күміс кубок алады. Басқа ештеңе жоқ... Ал финалдағы қарсыласына 14 000 $ түбіртегін ұсынады. Артур 1968 жылы рейтингте алғаш рет бірінші орынға көтеріледі. Сөйтіп, тағы афроаменикандықтар арасында әлемдік рейтингтің көшін бастаған бірінші спортшы атанады. «Үлкен дулыға» турнирін ұтқан да алғашқы қара нәсілді теннисші. Осылайша, теннис спортының жаңа эрасын бастады. Бүгінгі таңда теннисте тек кәсіпқойлар бақ сынайды. Ал Нью-Йорктағы «Флашинг Мидоуз» орталық корты осы күні Артур Эштің атымен аталады.

12916

Абақтыдағы күндер


Өз алаңында өткен дулығадағы жеңісінен соң араға екі жыл салып Артур Жасыл құрлықта марапатқа ие болады. Дегенмен 1970 жылы өткен Австралия ашық чемпионатына демеушілермен болған келіспеушілікке байланысты Лэйвер мен Роузвуд секілді мықтылар қатысқан жоқ. Бұдан Эштің жеңісінің құны төмендеді деуге келмес.


Эш еліне батыр болып оралды. Американың қаранәсілді тұрғындары Эшті аспанға көтерді. Ал ОАР елшілігі танымал спортшыға визе беруден бас тартты. Содан бері Артурдың апартеидке қарсы жеке күресі басталды. Қарсылығын митингтерде білдіріп, мінберлерде нәсілдер теңдігі жайлы ойын ашық білдіріп, елшілік алдында ереуіл ұйымдастырып жүрді. Оның бұл әрекеті биліктің назарынан тыс қалған жоқ. Теннисші 1985 жылы алғаш рет абақтыға қамалды. Арада 7 жыл өткен соң, 1992 жылы ол тағы да темір тордың ар жағынан табылды. Бұл жолыГаитиден келген босқындарға қорлық көрсеткеніне өзінің ашулы екендігін Ақ үй алдында білдірді.

12914

4. Соңғы дулығасы және алғашқы шәкірті

Қоғамдық істерге белсенді араласып жүрген Эш кейде тіпті теннис туралы ұмытып та кететін. Сөйте тұра 70-жылдардың орта тұсында да бұл спортта алдына жан салмай жүрді. 1975 жылы Уимблдонда Артур өзінің «Үлкен дулыға» санатындағы үшінші ретінде соңғы жеңісіне қол жеткізді. Бұдан соң тағы бес жылдай өнер көрсетіп, 1980 жылы 37 жасында үлкен спортпен қош айтысты. Мұның алдында Артур микроинфаркт алғаны белгілі болған.

Бірақ ол теннистен кеткен жоқ. Эш Дэвис кубогында АҚШ құрамасының капитаны болған. Өкінішке қарай, бұл тәжірибе сәтсіз шықты.

Дарашыл Коннорс пен Макинрой секілді мықтылармен жұмыс істеу Артурдың өзіне қиын соқты. Одан қалды Эш жас таланттарды іздеумен айналысты. Сондықтан Янник Ноа секілді жұлдыздың пайда болғанына әлем осы Эшке қарыздар. Камерунге келген америкалық 10 жасар бозбаланың талантына тәнті болады. Франция федерациясының президенті Филипп Шатриеден бұл жасөспірімді қарамағына алуға өтініш жасады. Содан бері Янник француз атанды. Оның тәжірибесінің толысуына Артурдың қосқан үлесі зор, себебі өзімен бірге ертіп жүріп түрлі жарыстарға қатысуын, тіпті өзімен бірге жұптық ойындарда өнер көрсетуін қамтамасыз етті.

Бұдан бөлек Артур журналисткаға да жақын еді. Time журналында өзінің бағаны да болды, одан қалды ABC Sports-та комментаторлықты қоса атқарып жүрді.

5. ЖИТС-пен күрес


Емі жоқ ауруға душар болғанын теннисші 1988 жылы білді. Қан құю кезінде экс-теннисшінің ағзасына иммун тапшылығы вирусы түсіп, мұны ол төрт жыл бойы жасырып жүрген болатын. Әрі қарай шықндықты жасыруға болмайтындығын түсінген ол USA Today-ге берген сұхбатында денсаулығы туралы ашық айтты.


Бойын дендеген ауруға дес бермеген Денсаулық институтының негізін қалаған. Өзінің «Изящные дни» мемуарын Артур бақилыққа аттанардан бір апта бұрын аяқтаған.

Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика