Вернуться к списку статей

Билли Джин Кинг. Рыбакина жоқ, Данилина жеңілді

Теннис
303

Испанияның Севилья қаласында Билли Джин Кинг кубогының финалды кезеңі басталды. В тобына түскен Қазақстан бүгін Аустралиямен кездесіп жатыр.

Отандастарымыздан алдымен Анна Данилина (WTA рейтингінде 814-орында) Сторим Хантер (рейтингте 172-орында) кездескен. Матч 2 сағат 8 минутқа созылды. Өкінішке қарай, Данилина екі сетте 6:7, 4:6 жеңіліп қалды.

Енді Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 69-орында) Кимберли Бирреллмен (113-ракетка) жолығады.

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алғашқыда құрамда болғанымен, кейіннен қатыспайтыны анықталды. Жұптық сында Сторм Хантер/Эллен Перес - Анна Данилина/Жібек Құламбаева ойнайды.

Биылғы турнирдің ақтық кезеңіне барлығы 12 ел жолдама алды. Қазақстан сәуір айында Астанада Польшадан басым түсіп, іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен.

АҚШ, Швейцария, Чехия (А тобы);

Қазақстан, Аустралия, Словения (В тобы);

Испания, Канада, Польша (С тобы);

Франция, Италия, Германия (D тобы);

Севильядағы бәсеке 12 қарашада мәресіне жетеді. Командалық әлем чемпионаты аталып кеткен турнирдің жалпы жүлде қоры 9,6 АҚШ доллар. Жеңімпаз соның 2,4 миллионын, күміс жүлдегер 1,4, жартылай финалға шыққандар 960 мыңнан, топтан шыға алмаған қалған құрамалар 480 мың доллардан алады.

Еске сала кетейік, былтыр Шотландияның Глазго қаласында өткен Билли Джин Кинг Кубогының финалды кезеңінде Қазақстан С тобында Испания және Ұлыбритания құрамасымен шеберлік байқасқан.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика