Вернуться к списку статей

Ризабек Айтмұқан жаңа салмағында Әлішер Ерғалиға есе жіберді

Басқа
505
Фото - Нұрғали Жұмағазы

Астанада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты мәреге жетті. Ел біріншілігінде топ жарғандар сәуір айында Бішкекте өтетін олимпиадалық іріктеу кезеңіне қатысады.

Бұған дейін грек-рим және әйелдер күресінің нәтижесін жазғанбыз. Бүгін еркін күрестен ел чемпионы атанған балуандарға тоқталмақпыз.

Еркін күрестен тартысты бәсеке 97 келіге дейін салмақта өттті. Финалда 92 келіде қазақстандықтар арасынан алғаш рет 19 жасында әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан мен Азия біріншілігінің екі дүркін күміс жүлдегері Әлішер Ерғали кездесті.

Олимпиадалық салмақта күрескен әлем чемпионы бастапқыда үздіксіз шабуылға шығып, 10.5 есебімен алға шыққан еді. Алайда кездесу аяқталуға 1 минут қалғанда Әлішер күш алып, 14:10 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Әлішер Ерғали Париж олимпиадасының жолдамасы үшін таласуға мүмкіндік алды.


Еркін күрес нәтижелері:


57 келі

1.Ерасыл Мұқтарұлы(Жетісу облысы)

2.Рақат Қалжан (Жамбыл облысы)

3.Мейрамбек Қартбай (Ақтөбе облысы)

3.Асылжан Есенгелді (Түркістан облысы)

61келі

1. Асыл Айтақын (Алматы қаласы)

2. Өміржан Дастанбек (Алматы облысы)

3. Владимир Кудрин (Ақмола облысы)

3. Дәурен Әмірхан (Алматы облысы)

65 келі

1.Майс Алиев (Маңғыстау облысы)

2.Мұқтар Санжар (Жамбыл облысы)

3.Адлан Асқаров (Алматы облысы)

3.Начын Куулар (Шымкент қаласы)

70 келі

1. Мейіржан Әшіров (Жамбыл облысы)

2. Қуаныш Дүйсенқұл (Алматы қаласы)

3. Олжас Олжақанов(ШҚО)

3. Досжан Әсетов (ШҚО)

74келі

1. Нұрқожа Қайпанов (СҚО)

2.Талғат Сырбас(Атырау облысы)

3.Елдос Қуанышбай(Жамбыл облысы)

3.Марат Жақыпов(Ақмола облысы)

79 келі

1. Азамат Өміржанов (Астана)

2. Болат Сақаев (Атырау облысы)

3. Мағжан Жанырбай (Жетісу облысы)

3. Сыдық Қайыркелді (Ақмола облысы)

86 келі

1.Нұржан Исағабылов (БҚО)

2.Нұрдаулет Қуанышбай (Жамбыл облысы)

3.Наурыз Ахметханов (Маңғыстау облысы)

3.Жігер Зәкіров Алматы облысы)

97 келі

1. Әлішер Ерғали (Жамбыл облысы)

2. Ризабек Айтмұқан (Алматы қаласы)

3. Камил Куруглев

3. Бекзат Үркімбай

92 келі

1.Әділет Даулымбаев (Алматы қаласы)

2.Есқали Дәулетқазы (Алматы облысы)

3.Нұрдәулет Бекенов (Шымкент қаласы)

3.Исламбек Ілиясов (Павлодар облысы).

125 келі

1. Юсуп Батырмурзаев (Ақтөбе облысы)

2. Абылай Совет (Алматы обласы)

3. Омар Эюов(Алматы облысы)

3. Талғат Жиентаев (Қостанай облысы).

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика