Вернуться к списку статей

​Олимпиада жүлдесінен бас тартқан спортшы Қазақстанның шақыртуын не үшін қабылдағанын түсіндірді

Басқа
369
Чемпионат

Қазақстан құрамасы сапында да өнер көрсеткен ауыр атлет мұндай әрекетке неліктен барғанын Чемпионатқа берген сұхбатында айтыпты.

– Сіз ауыр атлетика тарихында әлем чемпионы атанған тұңғыш шешен ұлтының өкілісіз. Осы кезге бір көз жүгіртіп өтейікші...

– Бұл 1991 жылы болған. Алдымен Кеңес біріншілігінде топ жардым, соның арқасында әлем чемпионатына қатысып, ол жақта да үздік шықтым. Өз өнеріме көңілім толды деп айта алмаймын. Бірақ жеңістің аты жеңіс.

Сонда неге көңіліңіз толмады?

– Аздап тізем ауырып тұрды. Бірінші мүмкіндігімде-ақ аяғымдағы мүйізгектің ауырғанын байқадым. Екіншісінде салмақты бағындырғаныммен, түзу тұрмағандықтан есептемей қойды. Үшіншісі де ойдағыдай болмады. Жұлқа көтеруде алғашқы мүмкіндігім есепке алынбады. Өйткені шынтағым тиіп кеткен. Екінші мүмкіндікте ғана бастапқы салмақты басымнан асырдым. Егер бапкер намысымды қайрап, қолдау көрсетпегенде, жеңіске жетуім неғайбыл болатын.

– Осы жеңістің арқасында біріккен құрамаға өттіңіз бе?

– Өзгелерге қарағанда басымдық менің тарапымда болғаны рас. Соңғы бір-екі жылда әлем, Еуропа чемпионаттарына қатыспағандар үшін қосымша шаралар қабылданды. Нақтырағы, оларды өткізбей тастады. Ал мен Олимпиадаға дейін үш маңызды аламанда үздік шықтым – одақ чемпионаты, Еуропа және әлем чемпионаттары.

Олимпиадаға қатысып, жүлдегер де атандыңыз. Алайда бұйырып тұрған медальдан бас тарттыңыз. Қазір бұл әрекетіңізді өзіңіз қалай бағалайсыз?
– Олимпиада жырты жыл ішінде қатысқан бесінші жарысым болатын. Моральдық тұрғыда қажып кеткенімді байқадым. Соның кесірі тиген болар. Қазір құрамалардың жаттығу жиындарына, дайындық жұмыстарына қарасам, бір жылда қатарынан үш жарыста тұрақты өнер көрсетіп және жоғары нәтиже тіркеген спортшыларды байқамаймын. Алғашқысында үздік шықса, қалғандарында шаршап қалады. Өзім бес аламанда қажып кеттім. Тұғырға шығар алдында да қарсыластарымның маған қалай қарағанын білемін, бәрі менің жеңетініме сенімді болды. Жұлқа көтеруден соң бабыма келу уақытымды бақыламаппын. Бапкерлерге сенген болсам керек.

Тұғырға шыққанда ешкімді көрген де, естіген де жоқпын. «Мынадай мүмкіндікті қалай жіберіп алуға болады?» деген ой маза бермеді. Күміс те, қола да мені қанағаттандырмайтынын білдім. Бұл менің өз-өзіме жариялаған наразылығым да, біреулер ойлағандай өзгелерді сыйламауымның көрінісі де емес. Сол сәтте бұл әрекетім дұрыс болып көрінді. Бірақ қола жүлдені төртінші орын алған адамға сол күйі берген жоқ.

– Бұл әрекеттің салдары ауыр болуы мүмкін екенін қай сәтте түсіндіңіз?

– Марапаттау рәсімінен кетіп қалып, демалыс бөлмесіне кірген кезде барып ойландым. Артымнан бапкер Василий Алексеев келді. Бізді сол кездегі ХОК басшысы Хуан Самаранч шақыртып, біраз сөйлестік.

Не туралы сөйлестіңіздер? Сізді өмір бойына шеттететіні бірден белгілі болды ма?

– Самаранчтің кабинетіне тек Алексеев кірді. Шындап келгенде, бұл эмоциялық сәт болатын. Ақымақтық жасадым. Біреуге зияным тиеді деген ой да болған жоқ. Осыдан соң баспасөз жиынын өткізіп, барлығын түсіндіріп бердім. Жарты жылдан соң Алексеев Самаранчпен сөйлесіп, араға беделді жерлестерімізді салып жүріп өмір бойына шеттету жазасын жеңілдетті. Оны жаза мерзімін екі жылға қысқартқанымен, келесі Олимпиадаға қатысу мүмкіндігінен айырды. Сегіз жыл күтудің маңызы жоқтығын бәріміз түсіндік. Әрі қарай соғыс басталып кетті. Карьерам біржола аяқталды.

– Бірақ сіз бәрібір оралып, Қазақстан атынан өнер көрсеттіңіз ғой?..

– Қазақстаннан шақырту түсті, бірақ бұрынғыдай жаттығу жасауға жағдай жоқ қарастырылмаған. Бұрынғыдай мақсат қалмады. Өткенді қайтаруға деген бейшара ұмтылып қана бар еді. Бір жағынан соғыс қинаса, екінші жағынан, Қазақстанда спортшыларға деген жағдайдың жоқтығы әсер етті. Төлем жағынан да мәселелер туындады. Қазір ол жақтағы жағдай мүлде бөлек. Егер қазіргідей болғанда, 2004 жылға дейін жаттығу жасай алушы едім. Досым Асламбек Эдиев 38 жасқа дейін жаттығу жасап, карьерасын 2008 жылы аяқтады. Ал мен кәсіби мансабымды ойдағыдай жалғастыра алмағандықтан, спорттан өзімді толыққанды жүзеге асыра алмаған адам секілді кеттім. Әлем чемпионатына бапкерсіз жаттығатынмын, өзімді ақылды санағанмын ғой. Қазір бәрін басқаша жасаушы ем.

Шешенстандағы соғыс жайлы айта кетсеңіз...
– Құдайға шүкір, жақындарым дін аман. Бірақ отанымда болып жатқан жайт жаныма батты. Шетелде жарыстарға қатысып жүргенде бір де бір адамға туған жеріме қатысты сын айтуға жол бермейтінмін. Әнұранымыз орындалғанда орындарынан тұруға мәжбүрлейтінмін. Арада біраз уақыт өткенде түк істемей-ақ күмән тудыратын адамға айналып шыға келдім.

Патриоттық жайлы айтар болсақ, шешен халқын шексіз сүйемін. Мынадай басшылық жүйесімен келіспеймін, ол кезде де қарсы болғанмын. Амбицияны жұртқа дәлелдеуден гөрі өз ісімізбен айналыссақ дұрыс болар еді. Маған да талай ұсыныс түсті, бірақ олардан бас тартып келдім. Мықты болғың келсе, сол жолда еңбек ету керек. Көзбояушылықтың керегі жоқ.

Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика