Вернуться к списку статей

Қазақстандық тұлпар Кабирхан Дубайда өткен жарыста тағы да топ жарды

Басқа
310

Дубайда өткен Al Maktoum Challenge турнирінің бірінші топтағы үздік аттар бәйгесінде қазақстандық Тілек Мұхамбетқалиевтің тұлпары Кабирхан мәре сызығын тағы да бірінші болып кесті.

БҚО бәйге федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық сәйгүліктің қарсыластары қатарында былтырғы окс чемпионы Мими Какуши және классиканың үздіктері Атлетико Эль Кулано, Клэптон, Фёрст Конститьюшен, Милитари Ло болды.

Бәйгеде 12 тұлпар бақ сынады.

Енді Кабирхан наурыз айында Дубайдағы бүкіләлемдік кубокте бақ сынайтын болады.

12947

Кабирхан – атақты Калифорния Хром атты сәйгүліктің ұрпағы. Әкесі Калифорния өз тарихында Дубай чемпионы болған тұлпар.

Қазақстанның сәйгүлігі 30 наурыз күні Дубайда өтетін ең үлкен бәйгеге қатысады. Онда бірінші орын алған тұлпарға 7 миллион 200 мың доллар берілетінін атап өткен жөн.

«Тарихта бірінші рет мына Аль Мактум челлендж бірінші группаны жеңіп жатқаны. Ол - Қазақстанның жеңісі, қазақ елінің жеңісі. Алла жазса, финалға «Кубок Дубая» ойындарына қатысамыз. Әкесі Дубай кубогін ұтқан 2016 жылы. Соны жалғастырады деген ойымызда бар. Соны асып кетеді деген ойымызда бар», - дейді Тілек Мұқанбетқалиев.


Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика