Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде ерлер 60, 66, әйелдер 48 және 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады.
Негізі Қазақстан чемпионаты әу баста Қызылордада өтеді деп жоспарланған. Бірақ соңғы сәтте Астанаға ауыстырып жіберді. Сонымен ерлер арасындағы ең жеңіл салмақ 60 келіде Сметовтің ізбасары Нұрқанат Серікбаевқа тең келетін ешкім болмады.
Ол финалда Ұлытау облысы, Қаражал қаласының тумасы Ержан Ерғайыповты жеңді. Бұл спортшы жасы 30-дан асса, төрт жыл қатарынан ел біріншілігінде жүлдегер болып келеді. Үштікте
Самбо мен дзюдоны қатар алып жүрген Есет Қуанов 66 келіде чемпион атанды. Қыздардан 48 және 52 келіде Жетісу облысының спортшылары топ жарды. Әсіресе, жақында тұрмысқа шыққан Нұрсұлу Ералиева 52 келінің финалында тәжірибелі Ғалия Тынбаеваны жеңіп кетті.
Алғашқы жарыс күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін назарларыңызға ұсынамыз
Әйелдер
- 48 келі
1. Диана Бүркеева (Жетісу облысы)
2.Жібек Жақсыбай (Атырау облысы)
3. Зарина Хуснадин (Алматы қаласы)
3. Алира Шегелекова (Абай облысы)
-52 келі
1. Нұрсұлу Ералиева (Жетісу облысы)
2. Ғалия Тынбаева (Алматы қаласы)
3.Аружан Адасқан (Жамбыл облысы)
3. Балнұр Әбдешова (Абай облысы)
Ерлер
-60 келі
1. Нұрқанат Серікбаев (Жамбыл облысы)
2.Ержан Еренғайыпов (Астана)
3.Нұрдәулет Мейрамбеков (Қызылорда облысы)
3. Дәурен Суюкенов (Алматы облысы)
- 66 келі
1. Есет Қуанов(Ақтөбе облысы)
2. Нұрсұлтан Зайзағалиев (БҚО)
3.Еламан Сұлтанбай (Алматы облысы)
3.Алмас Ғалымов (Абай облысы)
Айта кетерлігі, ересектер арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатына 17 облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 463 дзюдошы қатысып жатыр. Жарыс 15 қарашаға дейін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында жалғасады.