Вернуться к списку статей

Өзгерген ештеңе жоқ. Жауапсыз жеті шайба

Хоккей
203

Астананың «Барыс» клубы әдеттегідей Құрлықтық хоккей лигасының кезекті ойынында Ресейде СКА (Санкт-Петербург) командасынан ойсырай жеңілді.

Екі команда бұған дейін 29 мәрте кездескен. Соның 22-сінде СКА басым түскен. Бұл жолы олар 23-ші жеңістерін тойлады.

Жалпы СКА соңғы жылдары жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Биыл да қарындарын төмендеткен жоқ. Турнир кестесінде үздіктер қатарында. Есесіне «Барыстың» жағдайы мәз емес. Плей-оффтан үміттерін үзген.

Айдын иелері жерлестерімізге еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Хоккейдің әліппесін қайта үйренетіндей сабақ берді. Жауапсыз жеті шайба соғып, бастарын салбыратып үйге қайтарды.

Енді елордалық клуб алдағы ойынын 26 қаңтарда Ресейде «Лада» (Тольятти) командасымен өткізеді.

СКА (Санкт-Петербург, Ресей) – «Барыс» (Астана, Қазақстан) – 7:0

Шайба:
1:0 05:58 Гальченюк (Грицюк, Сапего).
2:0 13:15 Глотов (Грицюк, Зыков).
3:0 23:35 Хайруллин (Глотов).
4:0 42:39 Грицюк (Сапего, Гальченюк).
5:0 45:12 Хайруллин (Зыков, Ремезовский).
6:0 45:17 Глотов (Грицюк, Хайруллин).
7:0 52:46 Фальковский (Грицюк).


Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика