Вернуться к списку статей

«Жеті қасиетті сан». «Барыс» қатарынан жетінші ойында ұтылды

Хоккей
220

Астананың «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасында тоқтаусыз жеңіле беретін болды. Осы жолы жетінші ойын қатарынан қарсыласқа есе жіберді.

Астанада Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасын қабылдаған. Екі ұжым бұған дейін49 мәрте кездескен. Оның 29-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойындарда ресейлік команда жеңіске жетті.

Енді ойынға тоқталсақ, басында бәрі керемет секілді болған. Роман Старченко есеп ашып, «Барысты» алға шығарған. Дегенмен, одан кейін екі команда алма-кезек гол соғып, ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталды. Ал овертаймда «Амур» хоккейшісі Владислав Барулин командасына жеңіс сыйлады.

Бұл - елордалық клубтың қатарынан жетінші жеңілісі. «Барыс» плей- офф сатысына шығу мүмкіндігі қиындап барады. Қазір оған шығуға жол ашатын 16-орындағы командадан 13 ұпайға қалып тұр. Алда небәрі 11 ойын ғана қалды.

Қазақстандық ұжым бұдан кейінгі үш ойынды да елордада өткізеді. Алдымен 6 ақпанда «Амур» (Хабаровск) клубымен қайта кездессе, 8 ақпанда СКА (Санкт- Петербург), 10 ақпанда «Спартак» (Мәскеу) клубтарымен ойнайды.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) – «Амур» (Хабаровск, Ресей) – 2:3 ОТ (1:0, 0:1, 1:1, 0:1)

Шайба:
1:0 – 04:14 Старченко (Скленичка, Апальков).
1:1 – 26:58 Броадхёрст (Мищенко, Хохлачёв).
1:2 – 48:09 Дрозг (Щемеров, Шевченко).
2:2 – 51:35 Шестаков (Оберг, Скленичка).
2:3 – 60:16 Барулин (Коршков, Мищенко).


Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика