Вернуться к списку статей

Жеңіп жатыр «Барыс». Серия төртінші матчқа жалғасты

Хоккей
203

Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын Астананың «Барыс» клубының жаңа тынысы ашылғандай. Команда төртінші ойын қатарынан жеңіске жетті. Мұндай да болады. Әрине, біз күтпеген серия.

Соңғы жылдары «Барыстан» бақ таяқ жиі ұтылатына бойымыз үйреніп кеткен еді. Биылғы маусым тіптен сорақы болып жатқаны жасырын емес. Шығыс Конференциясында соңғы орында өлместің күшін кешіп жүрді. Әйтеуір желтоқсанның соңғы күндері аз да болса, үміттің сәулесін жаққан. Қатарынан үш ойын ұтылды. Осы жолы ұтылып қалады-ау дегенде төртінші кездесуде де жеңіске жетті. Бұл жолы Ярославльде «Локомотивтің» осал тұсын тапты. Матч керемет тартысты өтті. Екі команда да аянып қалмады.

«Локомотив» те осал қарсылас емес. Ресейлік клуб 44 ойыннан кейін 63 ұпаймен 2 орында келеді.

Матч басынан ресейлік клуб бірден шабуылға көшті. Нәтижесінде олардың қатарынан Александр Полунин 7, Александр Елесин 9-минутта мергендік танытты. Ал елордалық командадан Энтони Камара 19-минутта есеп айырмасын қысқартты. Ол қатарынан жеті ойында шайба соғып, үздік ойынымен көзге түсті.

Екінші таймда «Барыс» оянды. Давид Скленичка (26-минутта) пен Джозеф ЛаБейт (38-минутта) көзге түсіп, Астана клубын алға шығарды.

Алүшінші 20-минуттықта «Локомотив» сапынан Александр Волков қайтадан таразын теңестірді. Оған қарап тұратын Энтони Камара болсын, «Барыстың» төртінші шайбасын кіргізіп, айдын иелерін тағы бір тығырыққа тіреді. Дегенмен, ресейлік клубтан Рушан Рафиков 58-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Осылайша негізгі кезең 4:4 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте елордалық клубтың жолы болды. Нәтижесінде қазақстандық команда қарсыласын 5:4 есебімен жеңіп кетті.

Енді «Барыс» алдағы ойынын 5 қаңтарда Ресейде «Трактор» (Челябі) командасымен жолығады.

«Локомотив» (Ярославль, Ресей) – «Барыс» (Астана, Қазақстан) – 4:5 Б (2:1, 0:2, 2:1, 0:1)

Шайба:
1:0 07:13 Полунин (Кирьянов, Елесин).
2:0 09:34 Елесин (Лихачёв, Симашев).
2:1 19:47 Камара (Ножье).
2:2 25:34 Скленичка. В равенстве
2:3 37:01 ЛаБейт (Камара, Ножье).
3:3 50:13 Волков (Кирьянов, Бут).
3:4 55:37 Камара (Бекетаев, Апальков).
4:4 58:52 Рафиков (Иванов, Лихачёв).
4:5 65:00 Рымарев. Буллит.

«Барыс» 39 ұпаймен Шығыс Конференциясында 11-орында тұр. Плей-оффқа ілігу үшін сегізінші орынға көтерілу қажет.


Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика