Вернуться к списку статей

Сәтсіздік сериясы тоқталған күн. «Барыс» 11 жеңілістен кейін алғаш рет ес жиды

Хоккей
233

Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын Астананың «Барыс» клубы Владивостка «Адмиралмен» екінші матчта жеңіске жетті.

Бірінші матчта айдын иелері басым түскен. Екінші ойында «Барыс» мінез көрсетті. Айтпақшы, екі командада Шығыс Конференциясында ойнайды. «Барыс» соңғы орында болса, «Адмирал» бір сатыға жоғары орналасқан.

Олег Болякин матчқа мына құрамды шығарды: Паскуале (Шутов) – Хенкель-Ножье, Оберг-ЛаБейт-Камара; Шестаков-Старченко, Бекетаев-Шалапов-Савицкий; Нұрғалиев-Данияр, Борисевич-Апальков-Рымарев; Гайтамиров-Оспанов, Қайыржан-Шайхмедденов-Өмірбеков.

Матчтағы есепті 35 жастағы ардагер ойыншы Евгений Рымарев ашты. Үзіліске дейін Владивосток командасы таразы басын теңестірген.

Екінші кезеңде Евгений Рымарев тағы бір мәрте қақпаны дәл көздеп, басымдықты арттыра түсті. Оған 44-минутта «Адмирал» сапынан Александр Горшков бір голмен жауап қайырды.

Үшінші кезеңде кейбір сәттерде ресейлік клубтың басымдығы байқалып тұрды. Ойынның бітуіне төрт минут қалғанда ресейлік команда қақпашыны алты хоккейшіге алмастырды.

Нәтижесінде «Барыс» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.

Осылайша «Барыс» қатарынан 11 ойынға созылған сәтсіздіктен кейін жеңіске жетті.

Енді елордалық хоккейшілер алдағы екі ойынын 16 және 18 ақпанда «Амур» (Хабаровск) командасымен өткізеді.

«Адмирал» (Владивосток, Ресей) – «Барыс» (Астана, Қазақстан) – 2:3 (0:2, 0:1, 2:0)

Шайба:
0:1 13:58 Рымарев.
1:1 18:06 Камара (Оберг).
1:2 34:59 Рымарев (Старченко).
1:3 44:11 Горшков (Берлёв, Бучельников).

2:3 57:13 Завгородний (Петьков).


Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика