Вернуться к списку статей

Мұндайда болады екен. «Барыс» үшінші матч қатарынан жеңіске жетті

Хоккей
215

«Барыстың» осы күні екі ойын қатарына таңқалатын жанкүйерлерге үшінші ойынды бірдей жеңуі таңсық болды. Бұл жолы Астанаға келген Челябінің «Тракторы» ойсырай ұтылды.

Жаңа жылдың алдында ойыншыларға сыйақыны аямай берген бе, қарқындары керемет. «Трактормен» кездесудің мәселесі бірінші кезеңде-ақ шешілгендей көрінді.

Алдымен 8-минутта Аркадий Шестаков мергендік танытса, 9-минутта Давид Скленичка көзге түсті. 16-минутта Рудольф Червены үшінші шайбаны салды.

Екінші 20-минуттықта Энтони Камара «Барыстың» тағы бір голын соқты. Үшінші кезеңде қарсыластар бір-бір шайбадан алмасты. Песейлік хоккейші Никита Сошников 48-минутта есеп айырмасын қысқартса, қазақстандық Аркадий Шестаков ойынның нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 5:1.

Екі команда бұған дейін 54 мәрте кездескен. Оның 30-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Енді «Барыс» алдағы ойынын 2024 жылдың 3 қаңтарында Ресейде «Локомотив» (Ярославль) командасына қарсы өткізеді.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) «Трактор» (Челябі, Россия) 5:1

Шайба:
1:0 – 08:18 Шестаков (Оберг).
2:0 – 09:24 Скленичка (Шестаков).

3:0 – 16:39 Червени (Камара).
4:0 – 23:12 Камара (Старченко, Рымарев).
4:1 – 48:12 Сошников (Дер-Аргучинцев, Бурдасов).

5:1 – 51:18 Шестаков (Старченко).

12846

«Нағыз командалық жеңіс. Жігттер сенімді ақтады. Идея мен философиямды бойларына сіңірді. Бүгін жанкүйерлер үшін ойнауды сұрадым. Өйткені өмір оңай емес. Адамдарда қуанышты сәттер көп бола бермейді. Сондықтан жаңа жылдың алдында осындай жақсы эмоцияны сезінгенін қаладым. Ешкімді жеке-дара атап өтпеймін. Бәрі жарады. Біртұтас механизм секілді жұмыс істеді. Барлық жанкүйерлерді жеңіспен құттықтаймын. Бұдан кейін ойынымыз жақсара береді деп үміттенемін», - дейді «Барыс» бас бапкерінің міндетін атқарушы Олег Болякин.


Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика