Вернуться к списку статей

«Лада седан». Мәмбетәлиевтің «Барысы» тағы жеңілді

Хоккей
257

Ғалым Мәмбетәлиев келіп, «Барыс» қатарынан екі ойын жеңеді. Сәтсіздіктің барлығы артта қалғандай көрінген. Бірақ бұл да уақытша құбылыс екен. Одан кейін команда қайтадан үш рет жеңілді. Бұл жолы Тольяттидің «Ладасына» есе жіберді.

Бірінші кезеңнің 7-минутында Иван Романов ойында есеп ашты. Ал екінші 20-минуттықта Остап Сафин есепті еселеді. Араға 4 минут салып Понтус Оберг қазақстандық команданың жалғыз шайбысын соқты. Қорытынды есеп – 2:1.

«Барыс» бұдан кейін тағы 3 кездесуін сырт алаңда өткізеді. Алдымен, 20 қазанда Ресейдің «Cочи» командасымен кездессе, одан кейін 22 қазанда Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің), 24 қазанда Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) клубымен жолығады.

«Лада» (Тольятти, Ресей) – «Барыс» (Астана, Қазақстан) – 2:1 (1:0, 1:1, 0:0)

Шайба:

1:0 – 06:26 Романов (Алтыбармакян).

2:0 – 33:21 Сафин (Шумаков, Демидов).

2:1 – 37:04 Оберг (Барбер).

Мәмбетәлиевтің бас бапкер ретіндегі бұл бесінші матчы. Астанадағы алғашқы екі ойында «Трактор» мен «Динамо» (Мәскеу) командаларын жеңген. Сосын «Локомотивтен 0:6 есебімен ойсырай ұтылса, Магниторскінің «Металлург» клубына овертаймда есе жіберді. Бұл қатарынан үшінші жеңілісі.

Бас бапкер команданың сәтсіздігіне функционалдық дайындықтың әлсіздігін себеп ретінде айтқан.

«Қазір матчтар күн ара өтіп жатыр. Барлығында солай. Бірақ жігіттер қайта қалыпқа келуге үлгермеуде», - дейді Ғалым Мәмбетәлиев.



Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика