Вернуться к списку статей

ҚХЛ-дағы «Робин Гуд». «Барыс» сенсация жасады

Хоккей
184

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін Астананың «Барысы» Робин Гуд сияқты. Кейде фавориттерді жеңіп, аутсайдерлерге оп-оңай ұтыла салады. Бұл жолы елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасынан басым түсті, деп хабарлайды

Қарсылас лигада көш бастап тұрған команда. Бұл ұжымда Никита Михайлис, Максим Мухаметов, Павел Акользин сияқты отандастарымыз бар.

Ғалым Мәмбетәлиев бұл ойында Шутов (Паскуале), Бекетаев-Шалапов, Савицкий-Шестаков-Мұратов; Хенкель-Нұрғалиев, Старченко-Апальков-Рымарев; Скленичка-Ножье, Камара-Червени-Оберг; Гайтамиров-Никитин, Әсетов-Омирбеков-Рахманов секілді ойыншыларға сенім артты.

Жігіттер жерге қаратпай, 5:2 есебімен жеңді.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) – «Металлург» (Магнитогорск, Ресей) – 5:2 (1:0, 2:1, 2:1)

Шайба:
1:0 11:01 Шестаков (Мұратов, Савицкий).
2:0 21:20 Апальков (Оберг, Нұрғалиев).
2:1 28:33 Силантьев (Хабаров, Минулин).
3:1 35:32 Нұрғалиев (Хенкель).
4:1 42:15 Өмірбеков (Ножье, Оберг).
5:1 49:26 Бекетаев. В меньшинстве
5:2 54:15 Михайлис (Юров, Орехов).

Енді «Барыс» алдағы төрт ойынын сырт айдында өткізеді.

Алдымен 3 желтоқсанда Ресейдің «Северсталь» (Череповец) клубымен кездессе, одан кейін 5 желтоқсанда «Авангард» (Омбы), 7 желтоқсанда «Сибирь» (Новосібір), 19 желтоқсанда «Салават Юлаев» (Уфа) клубтарымен кездеседі.


Ғалым Мәмбетәлиев, «Барыс» командасының бас бапкері:

– Бүгін жігіттер жақсы ойнады. Бастысы, жинақы жүрді. Тәртіпке мән берді. Өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды. Үш кезеңде жігерлі ойын көрсетті.

– Бүгін бірінші бестікте тек қазақстандық хоккейшілер болды. Бұл легионерлерге берілген сигнал ма?

– Дәл қазіргі таңда бұл бесеуі команданың көшбасшылары. Сондықтан әділетті түрде бірінші минуттан шықты.

12637

– Легионерлер қалай қабылдады?

– Олар кәсіби ойыншылар. Мүмкіндіктері болады, айдынға шығады. Дұрыс түсініп қабылдады.

– «Барыс» 85 шайба салып, өздері 113 гол жіберген. Маусымның жартысынан асып кетті. Жағдайды қалай түземексіз?

– Менің жүргеніме 1,5 ай ғана болды. Жігіттерге сенім артамыз. Олар жақсы ойын көрсетуі тиіс. Еркіндік береміз. Әрбір матчта бүгінгідей мінез болса, жеңісте күттірмес еді.

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика