Вернуться к списку статей

«Барысқа» бәрібір. Астанада тағы бір жеңіліс тіркелді

Хоккей
253

Құрлықтық хоккей лигасының топтық кезеңі аяқталуға жақын. Астананың «Барысы» өз айдынында «Автомобилист» командасын қабылдап, тағы есе жіберді.

Екі команда бұған дейін 60 мәрте кездескен. Оның 27-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойындарда ресейлік команда жеңіске жеткен.

Айта кетейік, Олег Болякин шәкірттері қатарынан 11 рет жеңілгеннен кейін «Адмиралды» жеңіп, сәтсіздіктер сериясын үзгендей болған. Алайда, одан кейін қатарынан тағы үш рет жеңіліс тапты.

Олег Болякин ойынға мына құрамды шығарды: Паскуале (Шутов) Скленичка-Ножье, Старченко-Апальков-Оберг; Хенкель-Бекетаев, Камара-ЛаБейт-Шестаков; Данияр-Гайтамиров, Рымарев-Борисевич-Гурков; Нургалиев, Мусоров-Қайыржан-Шайхмедденов

Кездесуді елордалық команда сәтті бастаған еді. Ойынның 1-минутында Аркадий Шестаков «Барысты» алға шығарды.

Одан кейін өз қақпасына екі гол жіберіп алды. Алдымен «Автомобилист» хоккейшісі Алексей Макеев 2-минутта таразы басын теңестірсе, 8-минутта Максим Осипов басымдықты арттырды.

Ал 36-минутта ресейлік хоккейші Артём Каштанов көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Ойынның 55-минутында ресейлік Александр Севостьянов қорытынды есепті белгіледі.

Келесі кездесуін «Барыс» өз айдынында Тольяттидің «Ладасына» қарсы өткізеді.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) – «Автомобилист» (Екатеринбург, Ресей) – 1:4 (1:2, 0:1, 0:1)

Шайба:
1:0 00:59 Шестаков (ЛаБейт, Хенкель).
1:1 02:50 Макеев (Голышев, Да Коста).
1:2 08:46 Осипов (Голышев, Да Коста).
1:3 36:36 Каштанов.
1:4 55:32 Севостьянов (Кизимов).


Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика